2022 жылдың қараша айының 25-де педагогика және психология кафедрасының «Жаңа Қазақстан-білімді жас, білікті маман» онкүндігі аясында оқытушы Л.С. Есенова мен практика бөлімімен бірге жоспарлы түрде «Уақытты басқару – табысты басқару» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық әдістемелік семинар ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: мектеп мұғалімдерімен тәжірибе алмасу, «Бастауыш білім беру» мамандығы студенттеріне шеберлік сағаттарын көрсету. Педагогикалық сынып қатысушылары https://meet.google.com/iqf-xkzi-nvc сілтемесі бойынша онлайн қатысты.
Алғысөзді директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Мұқашев Мұхамбет Сұпығалиұлы сөйлеп, уақытты басқару туралы тереңірек тоқталды. Кафедра оқытушысы Есенова Ляззат Сайкомовна “Мұғалімнің уақытты басқару күнделігі” авторлық жоба жұмысының алғашқы таныстырылымы болып, 7 қадамдық жұмыс жүргізілді.
№37 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері Маркс Армангүл Марксқызы, Капанова Жазира Сагидуллақызы - «Бос уақытты тиімді өткізу», №33 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімдері Кереева Назгүл Жасқайратқызы, Ждуанов Жасұлан Әбілқасұлы «Тайм-блокинг – бұл сіздің күніңізді, аптаңызды, айыңызды көру», Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №7 ЖОББМ директорының әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, бастауыш сынып мұғалімі Жасталапова Кундыз Уразовна «Телефоныңды текке ұстама!» (Сабақта интербелсенді әдістерді қолданудың лайфхагы), Макаров жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы, мектеп тренері Жумагалиева Орынганым Рамазановна «Оқыту үшін бағалауда уақытты тиімді пайдалану» шеберлік сағаттарын көрсетті.
Бүгінде мұғалім, колледж түлектері өз шеберлік сағаттарын мазмұнды өткізіп, еркін тәжірибе алмасу алаңы жүзеге асты. Атаулы шара кафедра онкүндігі шеңберінде өткізіліп, өз мақсатына толық жетті деп санауға болады. Әр шеберлік сағатына қатысқан, жинаққа енген жұмыс авторларына қатысушы сертификаты табыс етілді.
Кері байланыс жасалып, оң баға берілді.