"Жаңа трендтердің білімдегі сипаты" атты математика, физика және информатика кафедрасының онкүндігі аясында, 2асКИНФ-9 тобының ұйымдастыруымен жатақхана тұрғындарына "Team Fight" интеллектуалдық квест ойынымен өз жалғасын тапты.
30.01.2024ж. күні Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде директордың оқу -әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Л.С. Есенованың ұйымдастыруымен «Жаңғыру жолындағы жас маман» тақырыбында семинар-коучинг өтті. Шараның мақсаты: Жас маманның кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіру, көңіл-күйін көтеру және ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
29 қаңтар күні «Математика,информатика,физика» кафедрасының апталығы аясында жоспарға сай «Мобилография» шеберлік сабағы өтті.
Мастер-класстың мақсаты: қатысушыларды мобильді құрылғыларын шығармашылық және қызықты фотосуреттер мен бейне жасау үшін пайдалануды үйрету.
Математика, физика және информатика кафедрасының онкүндік аясында колледжіміздің студенттеріне бос уақытты тиімді пайдалану мақсатында 3асКИНФ-9 тобының ұйымдастыруымен "Қызықты қоңырау" өткізілді.
26.01.2024 күні оқытушылар Суйнгалиева Г.К., Утегенова А.Т. және 3асКИНФ-9 тобының студенттері ұйымдастыруымен математика, физика және информатика кафедрасының «Жаңа трендтердің білімдегі сипаты» тақырыбындағы онкүндік аясында колледжіміздің оқытушыларына жаңа ақпараттық технологиялар идеясын ұсыну сағаты оздырылды.
26 қаңтар күні 3а КШТ-9 топ студенттерінің қатысуымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде топ студенттерінің оқыған кітаптарының оқиға желісі бойынша құрастырылған суреттері қойылды. Шараның негізгі мақсаты: студенттердің кітап оқуға деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, дамыту.
26.01.2024 күні кітапханада 1аКШИ-9 тобының кураторы Турежанова Гулайым Айдынгалиевнаның ұйымдастыруымен “Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз” атты челлендж өтті. Топ студенттерінің қысқы демалыста оқыған кітаптары талданды. Қысқы демалысқа шықпай тұрып, топ болып Жүсіпбек Аймауытовтың “Қартқожа” шығармасын және Ғабит Мүсіреповтың “ Ұлпан” романын оқуға таңдап алған болатын.
26 января 2024 года Областной универсальной научной библиотекой им. Ж. Молдагалиева было организовано заседание спикерского клуба «Меркурий» на тему «Достижение финансового роста и влияние книг на саморазвитие». В качестве спикера был приглашен известный предприниматель, основатель сети салонов «GEONA», «MIR POLA», «5 SVESD», «CHESTER PUB», автор проекта «Бизнес-школа для детей и подростков «BASQAR», депутат городского маслихата Асланбек Аминов. Модераторами мероприятия выступили студентки Высшего педагогического колледжа им. Ж.Досмухамедова Кетикова Диляра и Утепова Джамиля из группы 3 аспКШР-9.
25 қаңтар күні "Студенттердің ғылыми қоғамының" жоспарына сай «Ғылыми әдебиеттермен және картотекамен жұмыс» тақырыбында СҒҚ мүшелерімен отырыс өткізілді. Отырыста оқытушы В.А.Даулетова ғылыми әдебиеттерді өз жұмысыңда пайдалану жолдары, ғылыми ақпараттың негізгі дереккөздері, ақпарат көздерінің құжатнамалық түрінің мерзімді және мерзімді емес басылымдары, каталогтың түрлері, электронды кітапхана каталогі, ғылымның әр саласындағы ғылыми жарияланымдарды қамтитын еркін ғаламтор-іздеуші Google Scholar жүйесі туралы ақпарат беріп өтті.