26 қаңтар күні 3а КШТ-9 топ студенттерінің қатысуымен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде топ студенттерінің оқыған кітаптарының оқиға желісі бойынша құрастырылған суреттері қойылды. Шараның негізгі мақсаты: студенттердің кітап оқуға деген құштарлығын, қызығушылығын ояту, дамыту.
Топ студенттері Умарова Зияда жазушы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесін, Саясат Динара Ыбырай Алтынсариннің «Мұңсыз адам» шығармасын, Орынғалиева Қарақат Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» романын, Исагалиева Дильназ Тахауи Ахтановтың «Свет очага» шығармасын, Жұмағұл Мелиза Мағжан Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесін, Машакаева Сабина Дулат Исабековтың «Гаухартас» романын, Бегалиева Мадина Қалмақан Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» повесін, Назарова Айнаш Сайын Мұратбековтің «Жабайы алма» әңгімесін, Асқарқызы Айжан «Балықшы» әңгімесін, Мұхамбетжанова Гүлайна Жүспібек Аймауытовтың «Ақбілек» романын, Темірханова Зульфия Д.Мамырбаеваның «Әке мен бала» әңгімесін, Ибраева Айзира Ж.Шамұратованың «Сағыныш» әңгімесін, Саламат Диас М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын, Темірболатов Ерасыл Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романын, Талғытқызы Нұрбақыт М.Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін, Мұратова Әсем Н.Дәутайұлының «Айғыркісі» әңгімесін, Хайдаров Айбек Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романын, Мұрат Қырмызы М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романын, Ринатқызы Ақбота Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі» шығармасын, Қалиева Алмагүл М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» кітаптарын оқып, сол шығармаларың кейіпкерлерінің немесе шығармадан түйген ойларының суретін салды.