Тәуелсіздік күніне арналған колледжішілік «Тәуелсіздікке тұғыр болған тұлғалар» атты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының тарихи-тағылымды шарасы өтті. Оған колледж студенттері мен оқытушылар қатысты.
Тәуелсіздік күніне арналған колледжішілік «Тәуелсіздікке тұғыр болған тұлғалар» атты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының тарихи-тағылымды шарасы өтті. Оған колледж студенттері мен оқытушылар қатысты.
15 желтоқсан күні колледж кітапханасында кітапхана қызметкерлері мен 1с КШИ тобы кураторы А.Д.Тайбасаровнамен бірігіп, «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Желтоқсанның 15-і күні Жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы 10 күндігі аясында оқытушылар Жеңісгүл Ермекқызы Молдағалиева, Әлия Рамазанқызы Дусалиева және өзі жетекшілік ететін “ECObolashaq” үйірмесінің белсенді мүшелері ұйымдастыруымен колледждің 110 жылдығына арналған "Тарихқа TRAVEL" квест ойыны 1- 2 ші курстықтар арасында ұйымдастырылды.
14. 12. 2023 күні 4 асКШТ - 9 тобында “Тәуелсіз елім - Қазақстан“ атты тәрбие сағатты өтті.
13.12.23 күні 3асКИНФ-9 тобында «Тұғыры биік Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты оздырылды.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты «Жас сарбаз» ұйымының (жет. Д.Р.Аяпбергенов) патриоттық шарасы өтті. Шараға колледж оқытушылары, студенттерімен қатар шақырулы қонақтар БҚО Ақжайық телеарнасының журналисі ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-жазушы Мұнайдар Мұқамбетжанұлы Балмолда мен 5517 Әскери бөлімінің Жауынгерлік дайындығының аға маманы, аға нұсқаушы. «АҚЖАЙЫҚ ҚЫРАНДАРЫ» әскери патриоттық лагерінің директоры Хасанов Эльдар Хайрлыұлы қатысты.
14 желтоқсан күні педагогика және психология кафедрасының ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған поэзиялық кеш өтті. Кешке “Бастауыш білім беру” мамандығының студенттері, кафедра оқытушылары қатысты.
Шара мақсаты: студенттерді Отанды сүюге өз тарихын білуге, өнегелі ел жанды азамат болуға тәрбиелеу.
14 желтоқсан күні Студенттік Парламент мүшелерінің ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік ата бабам аңсаған” атты мерекелік шара өтті.
Шараның мақсаты: студенттерді Отанды сүюге өз тарихын білуге, ел байлығын қадірлеуге және Қазақстанның өркендеуіне үлес қосып, білім алып, өнегелі ел жанды азамат болуға тәрбиелеу.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 110 жылдық мәнімен мағынасы зор, тәлімімен тәрбиесі мол тарихын жастар санасына сіңіру, өткеннен сабақ алу, аға ұрпақтың өнегелі істерін дәріптеу тұрғысында 14 желтоқсан күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушылары ұйымдастыруымен "Кафедра тарихы - колледж тарихы" тақырыбында студенттердің арасында зерттеу жұмыстарының сайысы өтті. Мақсаты: кафедрада әр жылдары қызмет еткен ұлағатты ұстаздардың, өмірде, еңбекте толағай жетістіктерге жеткен түлектердің еңбек жолдары, іс- тәжірибелерін кейінгі буын жастарға үлгі ету, насихаттау және жобалық зерттеу жұмыстарының түпкі нәтижесі есебінде өнім ұсыну болды.