«Жасөспірім және қоғам»

Директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Қ.Х.Мажитов, әлеуметтік педагог А.К.Мухсинованың ұйымдастыруымен колледж инспекторы Н.А.Қадыров, БҚО ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың маманы Г.К.Үмбетованың қатысуымен 1 курс ер балаларына «Жасөспірім және қоғам» атты кездесу ұйымдастырылып өткізілді. Кездесу барысында колледж инспекторы Нұрбек Аманжолұлы жасөспірімдердің арасында нашақорлықтың, темекі шегудің және зиянды заттардың зардабы салдарынан қылмыс түрінің өршу себебі мен оның алдын-алу жолдары туралы түсіндірсе, ЖИТС орталығының маманы Гүлнәр Кимқызы зиянды әдеттердің алдын алу, ЖИТС/АИТВ-дың таралу жолдары мен профилактикалық шаралар туралы кеңінен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде студенттер тақырыпқа байланысты көкейкесті сұрақтарымен бөлісті.

 

Колледжімізде қашықтан оқыту жағдайында 1428 студент білім алуда. Елімізде болып жатырған жағдайға байланысты колледж әкімшілігі, директордың ТЖО, директордың ӘЖО, колледж психологы, топ жетекшілер, студенттермен төмендегідей тәрбие жұмыстарын жүргізді:

Колледж әкімшілігі:

-Колледж ата-аналар комитетінің whatsApp желісіндегі чаты арқылы барлық ақпараттар мен хабарламалар, нұсқаулар, кеңестер жіберіліп үнемі байланыс жасалынды;

-Колледжде студенттер мен ата-аналар үшін «Қашықтан оқыту мәселесі бойынша» Call-center жұмыс жасап,студенттер өздерінің оқу үрдісі, техникалық сұрақтары бойынша кеңес алуды.

-Студенттер мен ата-аналарға «Психологиялық қызмет» онлайн жүйеде өз жұмысын жалғастыруды.

-Колледж психологы студенттер мен ата-аналарға үй жағдайында орын алуы мүмкін «Күйзелістік жағдайлармен қалай күресуге болады» тақырыбында видео түсірілім жолдады.

-Колледж оқытушылары «Біз біргеміз!» видео түсірілімдерін жолдады.

Топ жетекшілер:

-Әр топ жетекші өз топтарының сабақ кестесіне сай байланысқа шығуын қадағалады;

-белгілі бір себептермен (интернет желісіндегі немесе құрылғыдағы ақаулар, студенттің денсаулық жағдайы т.б. ) байланысқа шықпаған студенттердің ата-аналарына қоңырау соғу арқылы жағдайын білді;

-топ жетекші аптасына бір рет топ студенттерімен әр түрлі тақырыптарында видеоконференциялар өткізді;

-әр топ жетекшінің ата-аналармен байланыс жасайтын whatsApp желісіндегі чаттары өз баласының жағдайын айтып, топ жетекшімен тығыз қарым-қатынас жасап, ата-аналар «Біз біргеміз!» «Біздің отбасыдан», «Үйде қалыңыз!» челлендждеріне өз отбасымен бірге белсене қатысты.

«Ынтымақ» еріктілері:

-Ынтымақ еріктілерінің 8 мүшесі Орал қаласындағы жарияланған карантинге байланысты «BIRGEMIZ» жалпы ұлттық волонтерлер қозғалысымен бірлесіп, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы, толық емес отбасылы қала тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізді. Соның ішінде колледжде білім алатын 15 студентті азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілді.

Студенттер:

- Студенттер отбасылық көңіл-күйді қалыптастыру үшін үй жағдайында отбасы мүшелерінің сүйікті тағамдарын пісіріп, телевизордан кино, фильмдер қарап, тоғызқұмалық, шахмат, дойбы ойнап, бауырларының сабақтарын оқытуға, ата-анасына үй шаруасына көмектесу арқылы бос уақыттарын ұйымдастырды.  

-Қазақ тілі мен әдебиеті тобының студенттері әлеуметтік желідегі А.Құнанбаевтың челленджіне белсене қатысуда және орыс, қазақ тілінде әдеби кітаптар оқып, поэзиялық шығармалардан үзінді жаттады;

-Дене тәрбиесі және спорт мамандығының студенттері өздерінің жаттығуларын тоқтатпай, үй жағдайында спортпен шұғылданды;

-Технология мамандығының студенттері қолөнерлік бағыттағы дипломдық жұмыстарын дайындады;

-Музыкалық білім беру мамандығының студенттері «Әу, демейтін қазақ жоқ!» тақырыбында өз отбасыларымен бейнеклипттер түсіріп, челендж жүргізді;

 

Колледж студенттерінің арасында қашықтан оқыту жағдайына байланысты төмендегідей Ұлы Жеңіске 75 жыл мерейтойына арналған онлайн байқаулар ұйымдастырылды.

  • 20-30 сәуір күндері «Тарихта терең ізі бар» Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз туралы жобалар сайысы
  • 20-30 сәуір күндері «Менің отбасым соғыс жылдарында...» эсселер байқауы
  • 20-30 сәуір күндері «Ұлы ерлік- ұрпаққа үлгі!» атты майдан әндер флешмобы
  • 27-05 мамыр күндері «Елін қорғау-ерге серт!» ұрпақтар сұхбаты

Сонымен қатар, БҚО тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 06-30 сәуір аралығында «Атамның ерлігі ұрпаққа өнеге» атты онлайн байқауға 8 студенттің жұмысы #Ұлыжеңіске75жылБҚО хэштегімен әлеуметтік желілерге орналастырылды.

Топ жетекшілер А.Б.Сарсенғалиеваның «Поклонимся великим тем годам...» , Л.С.Есенованың «Ұрпаққа ұран болған-ұлы жеңіс!» , Б.К.Сапиевтің «Қастерлейді халқымыз қаһарманды», А.Б.Журекенованың «Біз ұлы жеңістің мұрагеріміз!», Н.С.Дербістің «Ұлы жеңіс- ұрпаққа аманат!» тақырыптарында видео тәрбие сағаттары жасақталып, колледждің Youtuve каналына және әлеуметтік желілерге жүктелді.

 

2020 жылдың сәуір және мамыр айларында студенттермен қашықтан байланыс арқылы тәрбиелік жұмыстар жүзеге асырылды.

Абай Құнанбаев-175 жылдығы, Әбу Насыр Әл-Фараби-1150 жылдығы және  ҰОС Жеңіс-75 жыл мерейтойларына арналған шаралар және «Спортпен шұғылданамыз!», «Бос уақытыңды тиімді ұйымдастыр!», «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсымыз!» атты шаралар жоспарланып, жүргізілді.

20-24 сәуір күндері Абай Құнанбаев-175 жылдығына арналған «Желсіз түнде жарық-ай» атты табиғат лирикасы бойынша суреттер сайысы, 25-30 сәуір күндері «Құлақтан кіріп, бойды алар!» әдеби жырлар марафоны, 20-29 сәуір күндері «Шығыстың екінші Аристотелі» Redx форматында кітап оқу, 20-30 сәуір күндері «Тарихта терең ізі бар» Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлеріміз туралы жобалар сайысы, 22-23 сәуір күндері «Менің отбасым соғыс жылдарында...» эсселер байқауы, 20-27 сәуір күндері «Ұлы ерлік- ұрпаққа үлгі» атты майдан әндер флешмобы, 04 мамыр күні «Елін қорғау-ерге серт!» ұрпақтар сұхбаты, «Академиялық адалдық саясаты» жоспары аясында 20-30 сәуір күндері студенттер мен оқытушыларға «Жастар - сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» челленджі, «Бос уақытыңды тиімді ұйымдастыру!», «Үйде бірге оқимыз» шаралары өтті.

 

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 144

Вчера 150

На этой неделе 543

В этом месяце 2823

Всего 177208

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска