- Оқытушылар - В1-4 блогы – 171307-173254 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)
1) Дирижирлеу оқытушысы -1 бірлік
2) Бастауышты оқыту әдістемесінің оқытушысы – 1 бірлік ( орыс тілінде)
3) Математика пәнінің оқытушысы – 1 бірлік
4) Музыка әдістемесі оқытушысы – 1 бірлік (декреттік демалыстағы қызметкер орнына уақытша)
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды; және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;
оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;
оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
2.Концертмейстер -3 бірлік В3-4 блогы – 137046-141718 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)
Біліктілікке қойылатын талаптар: Жоғары білімді, мүмкіндігінше магистр және педагог-модератор, педагог- сарапшы, педагог- зерттеуші, педагог- шебер санаттарының болуы, білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарындағы еңбек өтілінің болуы, мемлекеттік тілді және орыс тілін жетік білуі керек.Оқытушыға қойылатын талаптарға жауап береді, өз бетінше пәнді оқыту әдістемесін әзірлей біледі, белсенді оқытудың нысандары мен әдістерін пайдаланады, білім алушылармен диагностикалық жұмыстарды ұйымдастыра біледі; оқу-тәрбие жұмыстарындағы тұрақты оң нәтижелерді қамтамасыз етеді, білім беру мекемесі шеңберінде шығармашылық топтардың, әдістемелік бірлестіктердің, озат тәжірибе мектебінің жұмыстарына белсене қатысады.
Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Білім алушылардың оқуын әдістемелік ғылыми деңгейде өткізеді, олардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырады және бақылайды.Оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес оқыту бағдарламаларын әзірлеу және орындауға қатысады, білім алушылардың білім сапасына жауап береді. Оқу процесін жетілдіру жөнінде ұсыныс жасайды.Білім алушылардың жеке қабілеттерін, мүдделерін және бейімділіктерін зерделейді.Білім алушыларда кәсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырады, алған білімдерді тәжірибелік қызметте қолдануға оларды дайындайды, бітірушілерді даярлаудың сапасын қамтамасыз етеді.Оқыту процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді. Техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғау талаптарын орындайды.
3.Лаборант – 1 бірлік (декреттік демалыстағы қызметкер орнына уақытша) В3-4 блогы – 124587-137046 теңге (еңбек өтіліне байланысты еңбекақысы өзгереді)
Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық және кәсіптік білім, мүмкіндігінше санатының болуы, білім беру ұйымының бейініне сәйкес ұйымдарындағы еңбек өтілінің болуы, мемлекеттік тілді және орыс тілін жетік білуі керек. Лаборантқа қойылатын талаптарға жауап береді, өз бетінше білімін артырады.
Лауазымдық міндеттері: Студенттер мен оқытушыларға техникалық және әдістемелік қолдау көрсетеді. Цифрлық жүйелер бойынша әдістемелік нұсқаулықтар жасайды. Колледжде жаңа технологияларды енгізеді. Оқытушылар, студенттер және ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста болады. Сайт, әлеуметтік желі, оқыту платформаларына техникалық қолдау көрсетеді, Оқыту үрдісін түрлендіру, қызықтыру мақсатында цифрлық құралдарды оқытушылар мен студенттерге пайдалануды үйретеді. Бейне және фото түсірілім жасау. Түсірілімдерге фото немесе видео монтаж жасау. Интернет, әлеуметтік желілерге колледждің жұмыстары туралы материалдарды енгізеді. (НОБД, SmartNation платформасы бойынша мәліметтер толтыру). SmartNation, Bilimland.kz, Itest.kz, Twid-bilim.kz, pedcollede.kz, НОБД платформаларын толтыру, жүйелеу, үйрету. Компьютерлік және мультимедиялық құрылғыларға бағдарлама орнату, байланыстыру, тасымалдау.
Бейнебақылау камераларын бақылауға алу; Турникет карталарын жаңарту; Жасанды интелектті ендіру; Оқыту-тәрбие үрдісінде жасанды интелектті ендіру; Мобилографиялық жұмыстарды жүзеге асыру; Педагогтың электрондық портфолиосына техникалық қолдау көрсету.
Лаборант тікелей директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасарына, ал бірнеше қызмет көрсету кезінде – колледж директорының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады. Белгіленген құжаттаманы жүргізеді.
Оқу сабақтарын жүргізуде еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормаларын сақтауды қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді. Ата-аналары мен олардың орнын басатын тұлғаларға және педагогтарға кеңес беріп, көмектеседі. Өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)Жеке басын куәландыратын құжат (нотариуспен шандырылған);
3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариуспен шыңдалған), (түпнұсқа) (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (075 нысан), медициналық кітапша.
7) Сотталмаған туралы анықтама;
8) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
9) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
11) Бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.
12) Әскери есепке алу құжаты
13) Бар болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми немесе әдістемелік басылымдар, біліктілік санаттары, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсынымдары) ұсынады.
Конкурс мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің мемлекеттік қызметке бос лауазымдарға орналасу қағидалары негізінде өткізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар «Enbek.kz» және колледждің ресми сайтында жарияланады.
Хабарландыру шыққан соң 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Орал қаласы. Н.Назарбаев даңғылы 173 үй 22 – бөлме, тел: 87752231252, 87785516538;