«Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды

1.Бөлімше меңгерушісі- 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: Бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және тікелей басқаруды жүзеге асырады.

Оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді.

Сабақ кестесін жасауға арналған материалдарды дайындайды және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

Оқу пәндерінің оқыту сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды.

Педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарастыру үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.

Кәсіптік бағдарлау жұмыстарын өткізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау жөнінде шаралар қолданады.

Жаңа оқу жылына, семестрдің, емтихан сессиясының басталуына дайындық бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Оқытушылардың есептілікті уақытында жасауын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттамаларды жүргізуді қамтамасыз етеді.

Оқу-материалдық базалардың дамуы мен нығаюын, жабдықтар мен мүкаммалдардың сақталуын, санитарлық-гигиеналық талаптардың, еңбекті қорғау ережелерін қамтамасыз етеді.

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушылардың білім және тәрбие беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерін;

дидактика принциптерін, педагогика және жастық психология негіздерін,

басқарудың инновациялық әдістерін,

әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптерін, баспалармен жұмыстың негіздерін,

оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеу принциптері мен тәртіптерін;

еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелері мен нормаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім тиісті бейіні бойынша білім беру ұйымдарында жұмыс өтілі кемінде 1 жыл.

Және (немесе) біліктілігі жоғары деңгейі болған жағдайда мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог – зерттеуші кемінде 4 жыл. педагог-шебер үшін-5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті анықтай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін білуі;

білім алушылардың психологиялық-жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі,

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал етуі,

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатыса білуі,

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие мен оқытуда жеке тәсілдерді жүзеге асыруы,

кәсіптік-педагогикалық диалог дағдыларын игеруі,

сандық білім беру ресурстарын;

2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігі жоғары деңгейдегі педагогке қойылатын жалпы талаптарға сәйкес болуы тиіс, бұдан басқа:

оқытудың инновациялық түрлерін,

әдістері мен құралдарын пайдаланады,

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтайды,

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы тиіс.;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгерген,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және кәсіби даму басымдықтарын конструктивті анықтайды:

білім беру ұйымы деңгейінде жеке және әріптестерін,

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтайды, аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылар болады;

4) "педагог - зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгерген, білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және педагогикалық қоғамдастықта аудан, қала деңгейінде даму стратегиясын конструктивті анықтайды,

облыс/республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары, республика деңгейінде тәжірибені жинақтайды (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін));

облыс/ республикалық маңыздылығы бар және астаналық қалалары деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог - шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілік санатының жалпы талаптарына сәйкес болуы тиіс, сонымен қатар:

авторлық бағдарламасы бар немесе облыстық оқу-әдістемелік кеңесте немесе республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлдау алған шығарылған оқулықтардың,

оқу-әдістемелік құралдардың авторы (тең авторы) болып табылады, ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз етеді,

тәлімгерлікті жүзеге асырады және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлайды.,

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындады.

Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Жеке басын куәландыратын құжат (нотариуспен шандырылған);

3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; (нотариуспен шандырылған);

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариуспен шандырылған) (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (075 нысан).

7) сотталмаған туралы анықтама;

8) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

9) наркологиялық ұйымнан анықтама;

10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Хабарландыру шыққан соң 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Орал қ. Н.Назарбаев даңғылы 173 үй 12 – бөлме, тел: 87752231252 , 87785516538; Email:Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 59

Вчера 126

На этой неделе 1220

В этом месяце 4036

Всего 249872

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска