#Жұбан100 "Мен-қазақпын"атты облыстық онлайн эстафетаға Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2 курс студенті Орынбасар Береке қатысты.
31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған «Тарихи жылдар жаңғырығы» атты митингі өтті. Шараға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты- Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы, Татар этнокультурлық орталығының жетекшісі-Мелекеева Флура Эриковна, Чечен-ингуш этнокультурлық орталығының жетекшісі- Саратов Данилбек Алиевич, Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары-Дауешов Наурызбай Муратұлы қатысты. Азаматтық парызымызды өтеп, тоталитарлық жүйенің жендеттері жазықсыз қуғынға ұшыратып, қатыгездікпен жазаланған Отандастарымыздың рухы алдында аза тұтып, құрбандары рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.