13 желтоқсан күні «Тәуелсіздік ұрпақтары» тақырыбында Тәуелсіздік күніне арналған мотивациялық кеш ұйымдастырды. Шараға 1аКДО, 1сКДО топ студенттері қатысты. Кеш қонағы Женисова Альфия Сырымкожиевна – БҚО Жастар ресурстық орталығының басшы орынбасары, педагогика ғылымдарының магистрі, психология пәндерінің аспиранты және Кемешев Даурен Галымжанович – Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің педагогика, психология кафедрасының оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі, «Ұлағат» дебат клубының жетекшісі.
Женисова Альфия Сырымкожиевнаға сұрақтар:
- Сіздер үшін Тәуелсіздік деген не? Қандай оқиғамен мақтанасыздар?
- Жастар жылында қандай қолдауларға ие болдыңыз? Жастар саясаты туралы ойыңыз.
- Егер сіз желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаңыз, желтоқсан оқиғасына қатысуыңыз мүмкін бе? Оқиғаға қатысу мақсатыңыз қандай болмақ?
- Жастарға қазіргі кезде не қажет деп ойлайсыз, қазіргі студенттерге ұсыныс,тілегіңіз.
Кемешев Даурен Галымжановичке сұрақтар:
- Сіз үшін Тәуелсіздік деген не? Қандай оқиғамен мақтанасыз?
- Егер әкім болсаңыз, еліңізге қандай көмек көрсетер едіңіз?
- Егер сіз желтоқсан оқиғасы тұсында студент болып, саналы жас болсаңыз, желтоқсан оқиғасына қатысуыңыз мүмкін бе? Оқиғаға қатысу мақсатыңыз қандай болмақ?
- Жастарға қазіргі кезде не қажет деп ойлайсыз, қазіргі студенттерге ұсыныс тілектеріңіз
Шара соңында рефлексия жасалды. Студенттер шарадан өзі үшін алған «+3 жағымды ойын» айтып өтті.