10 қазан күні студенттердің Абай шығармашылығына сүйіспеншіліктерін туғызу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру; дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жүйелі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру мақсатында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ...» атты мемлекеттік тілде оқымайтын топтар арасындаоқытушы А.С.Құраубайдың ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Шараға 1аРШО-9, 1аКШР-9, 2сРШИ-9, 3аРШО-9, 3аРДО-9 топтарының студенттері қатысты. Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы. Сайыс екі бағыт бойынша өткізіледі:
- «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»;
- «Абай айтқан асылдар». «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде студенттер Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, осы бағытбойынша мына студенттер қатысты: Зеленёва Ольга, Иниятова Кәрима, Тулегенқызы Меруерт, Логашкина Виктория, Шапошникова Диана, Четвертакова Людмила, Юрьева Анна, Кузнецова Алина, Шаужан Асылгүл, Мусагалиева Диляра, Асетова Екатерина.
Шара барысында 1аКШР-9 тобының студенттері Ахмирова Карина мен Жунусова Дана«Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіріп орындап берді. Сонымен бірге көрермендерге де Абайдың өмірбаяны, шығармашылығы, нақыл сөздері бойынша сұрақтар қойылып, мәліметтер берілді. «Абай айтқан асылдар» деп аталатын екінші кезеңінде студенттер Алиева Адина, Алтынбаева Алина, Тулгабаева Мадина, Мезрина Виктория, Ващенко КаринаХакім Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқыды.
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ...» атты мемлекеттік тілде оқымайтын топтар арасында мәнерлеп оқу сайысының нәтижесі төмендегідей болды:
№ |
Студенттің аты-жөні |
Бағыты |
Орны |
1 |
Логашкина Виктория |
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» |
I |
2 |
Кузнецова Алина |
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» |
II |
3 |
Иниятова Кәрима |
«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» |
III |
4 |
Мезрина Виктория |
«Абай айтқан асылдар» |
I |
5 |
Ващенко Карина |
«Абай айтқан асылдар» |
II |
6 |
Тулгабаева Мадина |
«Абай айтқан асылдар» |
III |