Муратбекова Айгуль Аманжановна
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының меңгерушісі
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 110 жылдық мерейтойына орай жинақталған мақала «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының ашылуына 25 жыл толуына орай осы кафедрада әр жылдар еңбек еткен ардагерлер, түлектер және студенттердің еңбектегі, оқудағы жетістіктері қысқаша баяндалған. Мақала барша халық бұқарасын, әсіресе студент жастарды мақсатқа бағытталған өзін-өзі жетілдіруге қызықты және пайдалы істермен, дене жаттығулары, спортпен шұғылдануға салауатты өмір салтын ұстануға табанды қажеттілігін қалыптастырады. Дене шынықтыру және спорт мамандарының кәсіби деңгейі арта түседі, оларды өлкетану, ғылыми ізденістерге бұқаралық спортты қоғамдық тарихи құрылыс ретінде насихаттауға жүйелі түрде тартады.
Республикамыздағы білім ордаларының ішінде өзіндік бірегей орны бар оқу орны - Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, оның педагогикалық ұжымы. Ғасырдан астам тарихы бар, талай қазақтың қара домалақ баласын білім нәрімен сусындатып, саналы жол, сапалы білім, өмірлік жолдама берген «Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы «Отандық және шетелдік озық тәжірибелерді ескере отырып, жоғары жеке және кәсіби қасиеттерге ие, Қазақстанның педагогикалық әлеуетін дамытуға үлес қосуға қабілетті мамандарды даярлау» бағытында колледж миссиясын орындап келеді. Мамандықтың негізгі мақсаттарының бірі: дене шынықтыру мен спортты дамытушы, салауатты өмір салтын насихаттаушы, бәсекеге қабілетті, ел намысын қорғай алатын, құзіретті, жаңартылған білім мазмұнын меңгерген маман даярлау педагогтың шығармашылық ойлауын дамыту, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік мүмкіндігін жетілдіру болып табылады.
1998 жылы Орал педагогикалық колледжінде дене тәрбиесі пәні мұғалімін дайындайтын қосымша мамандық ретінде ашылды.
«Дене тәрбиесі» мамандығы бойынша мамандар дайындау 2000 – 2001 оқу жылынан басталды. Лицензия БМ №0000072, бұйрық ҚР БҒМ №274, 4 желтоқсан 2000 ж. «Негізгі мектептің дене тәрбиесі мұғалімі», «Емдік дене шынықтыру және массаж» біліктіліктері бойынша, 2009 жылдан бастап 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы, 0103013 «Дене тәрбиесі бойынша жүзу жөніндегі нұсқаушысы», 0103023 «Негізгі мектептің дене тәрбиесі және спорт мұғалімі», «Спорт бойынша тренер - мұғалім» біліктілігі бойынша, 2021 жылдың 21 қаңтар айының №28 бұйрығы МЖМС бойынша 011405000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамндығы, 4S01140501 «Дене тәрбиесі мұғалімі», 4S01140503 «Спорт жаттықтырушысы-оқытушы» біліктіліктері бойынша мамандар дайындап келеді.
Кафедраның ұрпақтар сабақтастығына, қоғамдық – саяси жұмыстарға, салттар мен дәстүрлерге барынша мән беріп, оқу – тәрбие жұмыстарына аға ұрпақ өкілдерін қатыстыру дәстүрге айналып отыр. 2000 жылдан бері «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасын зейнеткерлік жасына дейін абыроймен басқарған Набидоллин Бисенбай Қуанышқалиұлы жастарға теория негіздерін үйретуде оларды болашақ ұстаздың мамандықтарының қыр – сырын меңгерту жолында аянбай еңбек еткен ұлағатты ұстаз. Еңбек жолын 1971 жылы Айдархан сегіз жылдық мектебінде дене тәрбиесі мұғалімі қызметімен бастаған Бисенбай Қуанышқалиұлы 1983 жылдан бастап Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ұстаздық еңбек етіп, зейнеткерлікке шықты. Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі және бұқаралық спортты дамытумен оқушы жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауда зор үлесін қосқаны үшін Білім және ғылым министрлігінің, Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары оның гүлденуіне қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, дене тәрбиесі ұлттық – ғылыми практикалық орталығының құрмет грамотасымен, 2012 жылы «Дарынды балалар – Қазақстанның болашағы» республикалық энциклопедияның ІІ басылымының «Құрмет тақтасы» бөліміне еңбегі жарық көрді. 2013 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Оқу ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Патриоттық және әскери – патриоттық тәрбие жұмысы – тәрбие жұмысының үлкен бір маңызды бағыты. Колледжде жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін, Қарулы Күштерді құрметтеуде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрмет сезімін тәрбиелеуде Утегалиев Нұрлыбек Закарияұлының қосқан үлесі зор. 2013 жылы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің «Техникалық және кәсіптік білімінің мазмұнын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатымен марапатталды.
«Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы – бүгінгі таңда заман талабына сай жыл сайын ғылыми - әдістемелік ізденістерімен жұмыстанып келеді. Оның түлектері екі біліктілік бойынша негізгі мектептердің 5 – 9 сыныптарынада сабақ беруде. Оқу орнының 50 мыңнан астам түлектері ТМД елдерінде, республикамыздың түкпір – түкпірінде, Батыс Қазақстан облысының әртүрлі салаларында еңбек етеді. Олардың арасында қоғам қайраткерлері колледждің 2006 жылғы түлегі, самбо спортынан 4 дүркін әлем чемпионы, самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының «Ұлттық спорт түрлері» бойынша облыстық балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Байбатыров Ерболат, 2007 жылғы түлегі, самбо күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Оңдағанов Медет, самбо күресінен халықаралық спорт шебері, 2009 жылғы түлегі, жастар арасындағы Әлем бірінішілігінің жеңімпазы, Азия чемпионы Сұпығалиев Қазбек, 2008 жылғы түлегі, гір спортынан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері, спорт шебері Кайбалиев Сағидолла, колледждің 2014 жылғы түлегі, Самбо күресінен екі дүркін Азия чемпионы Райымкулов Болатбек, колледждің 2012 жылғы түлегі, колледждің үздік диплом иегері, 2011-2012 оқу жылдары колледж президенті, Халықаралық цифрлық технологиялар, сәулет және құқық колледжінің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Кенжин Армат, колледждің 2014 жылғы түлегі шорт - тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанның 12 дүркін чемпионы, қысқы Олимпиада ойындарының ( XXII Сочи, XXIV Қытай) қатысушысы Абзал Ажгалиев т.б.
Қазіргі таңда колледжде білім алумен қатар, спортты да ұштастырып жүрген студенттер өте көп. Тарғынов Ералхан – Баскетболдан ересектер арасында БҚО Чемпионатында 1 орын, баскетбол 3х3 БҚО 2 орын, баскетбол 3х3 БҚО Чемпионатында 1 орын, баскетбол 3х3 БҚО Чемпионатында 1 орын, 2005-2006 ж.т. арасында БҚО Чемпионатында 1 орын. Марат Рамазан – Еркін күрестен 2005-2006 ж.т. кадеттер арасындағы БҚО Чемпионатында 2 орын. балалар, жасөспірімдер, юниорлар, жастар арасында ARASYI MMA дан Орал қаласының Чемпионатында 2 орын. Жумакулов Алдияр – Жастар арасында батуттық гимнастикадан синхронды секіру бағдарламасы бойынша ҚР Чемпионатында 1 орын, батуттық гимнастикадан жас топтары арасындағы ҚР Чемпионатында синхронды секіруден 3 орын, 15-16 жас арасындағы жастар арасында батуттық гимнастикадан синхронды секіру бағдарламасы бойынша ҚР Чемпионатында 2 орын, Португалия елінің Коимбро қаласында өткен Халықаралық турнирде 3 орын, батуттық гимнастикадан жас топтары арасындағы ҚР Чемпионатында қос мини трампта секіруден 1 орын. Муханбеткалиева Гульназ - спорт шеберіне кандидат, ҚР жастар ойыны БҚО құрама командасының жарысында 3 орын, садақ атудан 2004-2005 ж.т. ұлдар мен қыздар арасында қалалық турнирде «Команда МІХ» жаттығуынан 1 орын, садақ атудан 2004-2005 ж.т. қыздар арасында ашық қала біріншілігінде 2 орын, садақ атудан 2004-2005 ж.т. ұлдар және қыздар арасында қалалық турнирде «OW» жаттығуында 3 орын. Акылбек Бекнур- Үстел тенисінен 2004-2005 ж.т. жастар арасында өткен БҚО Чемпионнатында 1орын, үстел тенисінен 2004-2005 ж.т. жастар арасында өткен БҚО Клуб аралык Чемпионатында 1орын, үстел тенисінен Денсаулык күніне орай өткен БҚО турнирде 2 орын. Абылхат Айым - Қол күресінен ерлер мен әйелдер арасындағы Орал қаласының оқу – жаттығу жиын алдындағы жолдастық кездесуде 80 кг салмақ дәрежесінде 1 орын, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған қол күресінен ашық біріншілігінде 3 орын, қол күресінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы БҚО жеке командалық чемпионатында 70 кг салмақ дәрежесінде 1 орын, қол күресінен жасөспірімдер мен қыздар арасындағы жолдастық кездесуде 70 кг салмақ дәрежесінде 1 орын, Қамидоллаева Жансая –Самбодан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жүлдегері.Қазақша күрестен Қазақстан Республикасының күміс жүлдегері, дзюдодан Халықаралық жарыстың қола жүлдегері және Батыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы, Жексенғазы Шерхан- Таеквондо ИТФ бойынша спорт шеберлігіне үміткер.Қазақстан Республикасының Таеквондодан чемпионы, таеквонда ИТФ бойынша Халықаралық турнир чемпионы, таеквондодан екі дүркін Азия чемпионы.Ережесіз жекпе-жектен Халықаралық турнир чемпионы және West Fighting League, Қали Альбина - ҚР Спорт шебері, БҚО чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, Қазақстан Республикасының чемпионатының жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының жеңімпазы, Азия кубогінің қола жүлдегері, ҚР кубогінің жеңімпазы, ҚР Чемпионатының әйелдер арасында күміс жүлдегері. Ниеткалиев Болат-үстел теннисінен Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін жүлдегері (командалық құрамында), үстел теннисінен Қазақстан Республикасының қола жүлдегері, Батыс Қазақстан облысының бірнеше дүркін чемпионы. Қадыржанов Даниал - таеквондо ГТФ бойынша спорт шеберлігіне үміткер, Қазақстан Республикасының таеквондо ГТФ бойынша чемпионы және таеквондодан Халықаралық турнир чемпионы. Калимулла Ерасыл-бокстан спорт шеберіне үміткер, Муай Тайдан екі дүркін облыс чемпионы, Муай Тайдан Самар облысының чемпионы, Муай Тайдан қоян-қолтық күрестен ұлттық құрам мүшесі, Nomad Fighting Championship лигасының жауынгері. Сейлханов Мансур — Қазақстан Республикасының чемпионатында баскетбол 3х3-тен 1 орын, баскетболдан ересектер арасында БҚО Чемпионатында 1 орын, баскетбол 3х3 БҚО Чемпионатында 1 орын, баскетбол “BQO Championship 3x3” Чемпионатында 1 орын, 2005-2006 ж.т. ұлдар арасында БҚО Чемпионатында 1 орын, баскетбол 3х3-тен БҚО “Juniors Cup” Чемпионатында 1 орын, баскетбол БҚО “BQO Championship 3x3” Чемпионатында 1 орын. Турашева Бекжаным — үстел теннисінен 2006 жылғы қыздар арасындағы БҚО чемпионатында командалық есепте 1 орын, жекелей сында 3 орын, жұптық есепте 1 орын, микс сынында 2 орын. Машенова Айназ- Каратэ-до Кекушинкайдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының чемпионы, Еуропа чемпионатының қола жүлдегері. Ерген Зарина - дзюдо күресінен 2006-2007 ж.туылған жасөспірімдер арасында БҚО чемпионаты 1 орын, самбо күресінен 2004-2006 ж.туылған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты 3 орын, самбо күресінен 2006-2008 ж.туылған кіші жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты 2 орын, самбо күресінен 2005-2007 ж. туылған жасөспірімдер арасында БҚО чемпионаты 1орын, қазақша күрестен 2006-2007 ж.туылған жасөспірімдер арасында БҚО чемпионаты 1 орын, қазақша күрестен 2006-2007 ж.туылған жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты 3 орын.
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі қазір еліміздегі іргелі де, озық білім ордаларының біріне айналып, жаңа мазмұнды оқыту жүйесімен көзге түсуде. Оқу орнының бүгінгі айнадай келбетін колледж әкімшілігінен бастап әрбір ұжым мүшелерінің еңбекқорлығымен байланыстыруға болады. Ұлттық негізі бар, өздігінен дамуға талпынатын жан-жақты, бәсекеге қабілетті, құзіретті маман дайындау жұмыстарын дене тәрбиесі және спорт кафедрасы оқытушылары тынымсыз атқаруда.Олар кафедра меңгерушісі, педагог–сарапшы А. А. Муратбекова, педагог-зерттеуші А. С. Сабиева, педагог–сарапшы А. Г. Шапанов, педагог–сарапшы А. С. Сырым, Р. С. Такенова, М. Ж. Нурмуханов, М. К. Амангалиев, А. К. Кайбалиев, М. Б. Орынғали, Д. Р. Аяпбергенов аянбай еңбек етіп келеді. Ұстаздарымыз жыл сайын арнайы оқу курстары арқылы білімдерін толықытырып, жаңа технологияның тілін меңгеріп, талабы мен талғамы жетік заманауи білім беруге дайындықтарын жетілдіруде. Оларға қойылатын басты талап – біліктілігімен қатар, ұстаз деген ұлы есімге лайықты, өзінің шәкірттеріне үлгі боларлықтай кәсібилігі мен көркем мінезінің болуы. Шәкірт ұстазға қарап бой түзейді. Оның мінезі мен танымына, білім деңгейіне қарап ой түзейді. Сондықтан ұстаздарға артылар жүктің жеңіл еместігі белгілі.
Колледж ұжымы және «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасы жас ұрпақ тәрбиесін дұрыс жолға қоюда, дене тәрбиесі және спорт мамандарын дайындауда барлық әдістемені іске асырып әр ұстаз өз білімін жетілдіру жолында үлкен ізденіс үстінде. Соның нәтижесінде кафедра оқытушылары мен түлектері, студенттері әр жылдар алуан атақтарды жеңіп алып отырды. Осының бәрі педагогикалық ұжымның кафедра оқытушыларының, студенттердің ұйымшылдығы мен іздемпаздықтарына тікелей байланысты.
Колледжде жұмыс істейтін спорттық үйірмелер: волейбол – А. Кайбалиев, Р. Такенова, футбол, баскетболдан - А. Сырым, қол күресі – М. Орынғали, жеңіл атлетикадан – М. Амангалиев, ұлттық спорттан – М. Нурмуханов, үстел теннисінен – Қ. Каналиев, тоғызқұмалақ, шахматтан – А. Муратбекова, туризмнен - А.Ғ. Шапанов.
Кафедра жетістіктері "BABY SKILLS"облыстық чемпионаты "Дене шынықтыру және спорт" құзіреттілігі бойынша жүлделі бірінші орын Кишаубаев Амир, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен «WorldSkills Kazakhstan» өңірлік чемпионатында «Дене тәрбиесі және спорт құзіреттілігі бойынша жүлделі бірінші орын Абат Ермахан жеңімпаз атанды. Оқу жылының басында колледжіміздің дәстүріне айналған бірінші курс студенттері арасында денсаулық фестивалі өткізіледі. Футзалдан ұлттық колледж лига жарыстарының облыстық кезеңінде колледждің қыздар командасы екінші орынды иеленіп, аталған жарыста мамандықтың үшінші курсында білім алатын Азамат Самал үздік шабуылшы атағына ие болды. Баскетболдан ұлттық колледж лига жарыстарының облыстық кезеңінде колледждің қыздар командасы екінші орынды жеңіп алса, колледждің ұлдар командасы облыстық жарыста үшінші орынды қанағат тұтты. Аталған жарыста мамандық студенті Сейлханов Мансур «үздік шабуылшы» атағына ие болса, колледж студенті Тегисова Айсулу «үздік қорғаушы» атағын иленді. Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Орал» спорт клубының «Арқанды саябақ» базасында өткен турнирге колледж командасы қатысып, мамандықта білім алатын студентіміз Даулетьярова Гүлсезім жүлделі екінші орынға ие болды. «Орал» спорт клубы МКҚК мен Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжімен бірлесіп тоғызқұмалақтан қалалық турнир өткізілді. Қалалық турнирге колледжіміздің тоғызқұмалақ үйірмесінің 26 студенті қатысып, бақтарын сынасты. Жарыс қорытындысы бойынша жеке нәтижеде ұлдар арасында бірінші орынды иеленген екінші курс студенті Мифхатов Элдар ерекше көзге түсі. БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен БҚО тоғызқұмалақ Федерациясының ұйымдастыруымен Тоғызқұмалақтан БҚО Чемпионатында тоғызқұмалақ үйірмесі мүшелерінен құралған команда жақсы ойын көрсетіп, 1 орынды иеленді. Шаңғымен жүгіруден жасөспірімдер мен ересектер арасындағы Орал қаласының ашық біріншілігінде колледж студенті Жолдыбаев Батырхан «Еркін тебу» және «Спринт» қашықтықтарында жүлделі бірінші орынға ие болса, үшінші курс студенті Асанов Еламан «Еркін тебу» қашықтығында үшінші орынға ие болды. №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжінің ұйымдастыруымен колледж білім алушылары арасында халықаралық қатысумен IV ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы «Студент көктемі – 2023» конкурсында Шамардан Жанатбек «Ата-бабалар ардақ тұтқан ұлттық ойынды келер ұрпаққа дәріптеудегі зерттеу жұмыстары» (жетекшісі А. Шапанов) тақырыбымен қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болса, Аякөз Какимжанованың «Дене қуаты қасиеттері және оны дамыту жолдарында ізденістер» (жетекшісі А. Муратбекова) тақырыбындағы жұмысы «Талантты зерттеуші» номинациясын иеленді.
Жаңалыққа жаны құмар кафедра ұстаздары мен студенттерінің тыныс- тіршілігінен хабардар болсын деген мақсатпен жетістікке толы тағы да бір оқу жылымыздың аяғында бірнеше ғана колледж тынысын назарларыңызға ұсынып отырмыз. Әрине, «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының алға қойған асулары, мақсат – міндеттері жеткілікті. Биылғы оқу жылында қол жеткізген жеңістерге, жетістіктерге масайрамай, «алар асуларымыз, бағындырар белестеріміз әлі алда, тек сол үшін тапжылмай, аянбай еңбек етеміз» дейді оқытушылар қауымы. Түптің түбінде төккен тердің қайтарымы бар екені түсінікті, «ұядан ұшқан қарлығаштарымыздың» Ұлы Абай айтқандай «дүниеге кірпіш болып қаланғандықтарын» көру еңбектерінің өтелгендігі.