Жас педагогтардың үздік тәлімгері
Бүгінгі күні ұстаз болу, тәлімгер болу оңай жұмыс емес. Басқа ешбір мамандық иесіне дәл мұғалімге жүктелгендей талаптар қоймайды. Педагогтық қызметтің жетістігін бағалау да өте қиын. Я.А.Коменский балаларға тәлім-тәрбие беріп ұстаздық көрсететін мұғалімді өте жоғары бағалады: «Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған,күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес». - деп сипаттаған еді.
Білім алушылардың санасы мен мінез-құлқының қалыптасуына ұстаздың жеке басының, оның моральдық бейнесінің атқаратын рөлі орасан зор. Ұстаз жан-жақты жетілген, білімді, әдістемелік шығармашылық шеберлік иесі, халықтық дәстүр, әдет-ғұрып пен салт-сана ерекшеліктерін әлеуметтік қарым-қатынастар түрлерін кәсіби түрде меңгеруі тиіс. Әсіресе осы кәсіби білік дағдыларын шыңдауы оның ұстаздық тәжірибе жинақтауының ең басты міндеті болып табылады. Колледжде жастарға педагогикалық мамандықтың қыр-сырын меңгертуде жас мамандарға арналған «Жасампаз маман» мектебі жұмыс жасайды.
Мақсаты: Жас мамандардың теориялық білімдерін жетілдіру және педагогикалық шеберліктерін арттыру, кәсіби құзыреттілік деңгейі мен әдістемелік дайындығы мәселелерінде педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету.
Міндеттері: жаңа бастаған және жаңадан қабылданған педагогтардың үздіксіз білім алу қажеттілігін қалыптастыру, шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету; студенттерді оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологияларын, жаңа формаларын, әдістері мен тәсілдерін меңгеруге ықпал ету; кәсіби құзыреттілікті; рефлексивті дағдыларды қалыптастыруға ықпал ету; оқу үдерісінде жаңа бастаған және жаңадан қабылданған мамандардың жетекші қажеттіліктерін анықтау және мамандарды дайындауда жеке тұлғаға бағытталған және құзыреттілік тәсілдерді жүзеге асыру үшін әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тиісті нысанын таңдау.
Күтілетін нәтиже: жас педагогтардың үздіксіз білім алу қажеттілігі, шығармашылық қызметтің жеке стилі қалыптасады; оқу үрдісінде мамандарды дайындауда жеке тұлғаға бағытталған құзыреттіліктері жетіледі; кәсіби маман ретінде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алады. «Жасампаз маман» мектебінің жұмысында жастарды тәрбиелеуге, үйретуге, практикалық семинарларды дайындауға және өткізуге көп көңіл бөлінеді. Осы мектептің жұмысын толық көлемде көрсету үшін жас педагогтармен құрылымдық-мазмұндық бағдарлама құрылды. Жұмыстың мақсаттарына жету және түпкілікті нәтиже алу үшін оқыту мен тәрбиелеудің әртүрлі формалары, құралдары, әдістері мен технологиялары қолданылады.Тәжірибелі оқытушылар мен серіктес мектептер мұғалімдері әр түрлі семинарлар, дөңгелек үстелдер, практикумдар мен шеберлік сабақтар, тренингтер мен тесттер ұсынады.
Білікті маманды әдістемелік даярлау мәселесі бізді тәлімгер ретінде олардың жанында болуға, уақтылы көмек көрсетуге, үйретуге, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктерді пайдалана отырып, тәлімгерлік жұмыс арқылы оқыту әдістемесін одан әрі жетілдіруге, сонымен қатар дәстүрлі әдістерді сақтауға мүмкіндік береді. Колледждегі жас мамандардың үздік тәлімгері, жоғары санатты ұстаз, білікті маман Тамара Маденованың осы бағытта атқарған жұмысы зор. Жас мамандарға арналған педагогикалық аукцион-конкурсы олардың ой-өрісін кеңейтуге, кәсіби қабілеттерін дамытуға ықпал етеді, ұйымшылдықты, іскерлікті, цифрлық сауаттылық арқылы тұтастай алғанда әдістемелік жұмысты барынша нәтижелі және сапалы көрсетуге деген ұмтылысты тәрбиелейді. Республикалық журнал арқылы аймақтағы педагогтердің назарларына үздік тәлімгер Тамара Утегеновна әріптесіміздің колледжде жас мамандармен өткізген «Жасампаз маман-2023» педагогикалық аукцион-байқауының жоспарын тәжірибелік үлгі ретінде ұсынуды жөн санадым.
Басты мақсат мен міндеттері: оқытушылардың әдістемелік ізденістерін ұйымдастыру, құзыреттілігін арттыру және олардың өзін-өзі растауы мен кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау; жас маманның іскерлік және жеке қасиеттерін қалыптастыру; дәстүрлі емес әдістер мен тәсілдерді қолдану арқылы жас мамандардың қызметін жандандыру; өзінің зияткерлік қызметін тиімді ұйымдастыруға, өз қызметінің рефлексиясын талдауға және жүзеге асыруға баулу және оқытушы қызметінің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету.
Түрі: аукцион – сайыс. Қолданылатын технологиялар: АКТ, ынтымақтастық технологиясы, цифрлық технология. Қолданылатын әдістер: әңгіме, түсіндірме-иллюстративтік, ішінара-іздену, репродуктивті, педагогикалық қызметті талдау және жинақтау. Оқыту құралдары: презентациялар, дәйексөздер, аукционды ұйымдастыруға арналған реквизиттер, «сату» үшін оқу процесіне тікелей қатысы бар заттар немесе педагогикалық жағдаяттар пайдаланылады.
Педагогикалық аукцион-байқаудың жоспары: ұйымдастыру кезеңі; кіріспе сөз және лоттардың сатылымы. № 1 Лот. «Логотип бейнесі» (қатысушылар компьютердің мүмкіндіктерді пайдалана отырып, логотипті дайындайды. Өздерін таныстыру, өмірлік ұстанымы мен оқытатын пәнін көрсетуі тиіс). № 2 Лот. Әдістемелік үзіліс. «Аңдар мектебінде» ойыны (талқылау, пікір алмасу, астарлы әңгімеде көрсетілген мәселе бойынша ұсыныстар әзірлеу). № 3 Лот. «Тәжірибемен алмасамыз». «Эйдос-конспект» (қатысушылар жаңа технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістері мен формаларын қолдана отырып, сабақтың қысқаша мазмұнын және презентациясын алдын-ала жасайды, содан кейін сабақтың бір бөлімін көрсетеді).
№ 4 Лот. «Психологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу» (талқылау, пікір алмасу, дұрыс және нақты шешімді табу). № 5 Лот. «Тиімді қарым-қатынас ережелері» (қатысушылар сұхбаттасушыны өзіне қарату мақсатында «Үш плюс ережесін» қолдану, жақсы қарым-қатынас үшін психологиялық көңіл-күй жасау). № 6 Лот. «Біз бос уақыттытиімді ұйымдастырамыз» - «Симметрия әлемі» (шеберлік сынып).
Рефлексия. Қорытынды. Педагогикалық аукцион-байқаудың өту барысы: ұйымдастыру кезеңі - көшбасшы барлық қатысушыларға ыңғайлы орындарға жайғасуды ұсынады. Аукцион өткізу үшін құралдарын орналастырады және таратады. Аукционға қандай лоттар ұсынылғанына назар аударады. Кіріспе сөз. Әдістемелік семинарды өткізу үшін біз аукцион нысанын таңдадық. Аукцион сөзінің мағынасы С.И.Ожегов пен Н. Ю. Шведовтың түсіндірме сөздігінен білеміз (М. 1999). Аукцион - бұл көпшілікке сатылым, онда сатып алушы жоғары баға ұсынатын адам болады.
Аукционер – аукцион қатысушысы. Аукционист - аукцион жүргізушісі. - Біз бүгін білім беру және оқыту мәселелері бойынша білімді сатамыз. Аукционда кім көп ұпай жинаса, сол жеңеді: баға «3» - 30 балл; баға «4» - 60 балл; баға «5» - 90 балл. (Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушы жетон алады - 5 балл). Бүгінгі таңда кез-келген мәселені шешуге шығармашылықпен қарауға, салыстыруға, талдауға, зерттеуге қабілетті, қалыптан тыс жағдайлардан шығудың жолын таба алатын оқытушы сұранысқа ие. Осыған сәйкес оқытушының шығармашылық тұлғасын дамытудың жаңа жолдарын іздеу қажеттілігінен туындады. Әр түрлі педагогикалық мәселелерді шығармашылықпен шеше алатын, педагогикалық жағдайларды шешудің жаңа нұсқаларын іздей алатын мұғалім қазіргі қоғамның талаптарына жауап беретін деңгейде оқу процесін ұйымдастыра алады.
«Сату» үшін лоттар ретінде біз оқытушының жұмысына тікелей қатысты заттарды немесе жағдайларды қолданамыз. Жүргізуші лотты жариялағаннан кейін қатысушылар «баға (ставка) береді». Баға (ставка) жасау дегеніміз - аталған лоттың түпнұсқа және көңілді интерпретациясын ойлап табу. Әрбір келесі баға (ставка)жүргізуші «үш» деп айтқанға дейін жасалуы керек. Барлығы сөйлеген кезде «бағалау орталығы» ең жақсы нұсқаны анықтайды және нәтижелерін жариялайды. Сауда-саттық нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі лот «сатуға» шығарылады.
Лот сатылымы. Педагогикалық аукцион қатысушылармен таныстыру мақсатында сатылымға бірінші лот қойылады. № 1 Лот. «Логотип - бейнесі». Бастапқы баға -30 балл. Қатысушылар компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бес минут ішінде эмблема-логотип дайындайды, онда өздерін таныстыру, өмірлік ұстанымы, кафедра, оқытылатын пәнді көрсету қажет. № 2 Лот.әдістемелік сағат. Ойын:«Жануарлар мектебінде».
Жүргізуші ертегіні оқып таныстырады. №3 Лот. «Тәжірибемен алмасу» Бастапқы баға 30 балл. «Эйдос-конспект» - қатысушылар жаңа технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістері мен формаларын қолдана отырып, сабақтың қысқаша мазмұнын және презентациясын алдын-ала жасайды, содан кейін сабақтың кез-келген бөлігін көрсетеді. №4 Лот. «Педагогикалық жағдаыттарды шешу». Бастапқы баға 30 балл. № 5 Лот. «Тиімді қарым-қатынас ережелері». Қатысушылар сұхбаттасушыны өзіне қарату мақсатында «Үш плюс ережесін» қолдануы, жақсы қарым-қатынас үшін психологиялық көңіл-күй құру.
- Студенттермен қарым-қатынас жасау кезінде қарым-қатынастың өзіндік заңдылықтары бар екенін есте ұстаған жөн. Адамның бізге деген көзқарасының негізі алғашқы 15 секундта қаланады! Осы алғашқы секундтардың «Мина алаңынан» аман-есен өту үшін «Үш плюс ережесін» қолдану керек (әңгімелесушіні орналастыру үшін оған кем дегенде үш психологиялық плюс беру керек. - Адамдар бізбен сөйлескісі келуі үшін біз олармен сөйлесуге дайын екенімізді көрсетуіміз керек. Сіздің міндетіңіз: студенттермен байланыс орнату және аудитория алдында көрсету-қарым-қатынас үшін психологиялық көңіл-күй құру.
№ 6 Лот «Біз бос уақытты тиімді ұйымдастырамыз» - «Симетрия әлемі» (шеберлік сынып). Рефлексия. Сауалнама толтыру.
Аты-жөні |
Маған ұнағаны… |
Бүгін мен үшін өте маңызды болғаны… |
Мен жетістікке ұмтылар едім, егер … |
|
|
|
|
Қорытынды. Аукцион аяқталған соң жас мамандардың жинаған ұпайларын есептеп, жүлделі орындар мен арнайы аталымдар беріледі. Өзіңіз үшін таңдаған мамандық сізге өмірде тек қуанышты, шығармашылық және ұмытылмас сәттер әкелсін және ешқашан көңілсіздікке себеп болмасын. Білім алушыларыңыз сізді дос, жақсы сұхбаттасушы, түсінетін мұғалім ретінде көрсін! Барлығына көбірек әдістемелік табыстар тілейміз! Белсенді және табысты оқытушы болыңыз.
Гүлнар Сырымқызы НҰРАШЕВА, Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы