Абай-барлық қазақ халқының мақтанышы ғана емес, ар-ұятты,ұлттық намысы. Шара соңында мәнерлеп оқу сайысы туралы қатысушылар мен көрермендердің пікірлері тыңдалды.  Осы тақырыптағы тағы бір шара- қазақ топтары арасындағы оқытушы А.Т.Қойшекенованың ұйымдастыруымен өткен «Адамдықты көздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізілді.

 

18 студент қатысқан сайыс 3 кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Абай әлемі» деп аталып,  қатысушылар ақын өмірі мен шығармашылығы бойынша берілген сұрақтарға жауап берді.Екінші кезең «Абай өлеңдерін жатқа оқу». Қатысушылар алдын ала берілген өлеңдерді нақышына келтіре, мәнерлеп оқыды.       Үшінші кезең «Абай айтқан асылдар» деп аталды. Бұл кезеңде қатысушылар Абайдың қарасөздерін түсініп, жатқа оқыды. Сайыс нәтижесінде «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің  2 курс студенті Қазиханов Фархат 1 орын, «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің  1 курс студенті Амангелдиева Назерке 2 орын, «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің  2 курс студенттері Мукашева Аяулым, Нұрханова Алтын 3 орынды иеленді. Сайыс барысында «Музыкалық білім беру» мамандығының 2 курс студенті Магданов Армат  Құрманғазының «Адай» күйін тартып берсе, «Негізігі орта білім беру» «Қазақ тілі мен әдебиеті» біліктілігінің  2 курс студенті Әлібекұлы Ақтілек Абайға арнаған арнау өлеңін оқып, кешті одан әрі мазмұнды өлеңімен көркемдеді.

10 қазан күні студенттердің Абай шығармашылығына сүйіспеншіліктерін туғызу арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, өлеңді мәнерлеп, саналы түсініп оқуға машықтандыру; дүниетанымын кеңейту, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жүйелі сөйлеу мәдениеттерін қалыптастыру мақсатында «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ...» атты мемлекеттік тілде оқымайтын топтар арасындаоқытушы А.С.Құраубайдың ұйымдастыруымен мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Шараға 1аРШО-9, 1аКШР-9, 2сРШИ-9, 3аРШО-9, 3аРДО-9 топтарының студенттері қатысты. Мәнерлеп оқу сайысында келесі шарттарға көңіл бөлінді: өзін сахнада дұрыс ұстау, өлеңді жатқа айту, өлеңнің сөздерінің түсінікті болуы, мәнері, дауыс ырғағы. Сайыс екі бағыт бойынша өткізіледі:

  1. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»;
  2. «Абай айтқан асылдар». «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде студенттер Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды, осы бағытбойынша мына студенттер қатысты: Зеленёва Ольга, Иниятова Кәрима, Тулегенқызы Меруерт, Логашкина Виктория, Шапошникова Диана, Четвертакова Людмила, Юрьева Анна, Кузнецова Алина, Шаужан Асылгүл, Мусагалиева Диляра, Асетова Екатерина.

Шара барысында 1аКШР-9 тобының студенттері Ахмирова Карина мен Жунусова Дана«Көзімнің қарасы» әнін нақышына келтіріп орындап берді. Сонымен бірге көрермендерге де Абайдың өмірбаяны, шығармашылығы, нақыл сөздері бойынша сұрақтар қойылып, мәліметтер берілді. «Абай айтқан асылдар» деп аталатын екінші кезеңінде студенттер Алиева Адина, Алтынбаева Алина, Тулгабаева Мадина, Мезрина Виктория, Ващенко КаринаХакім Абайдың қара сөздерін мәнерлеп оқыды.

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе ...» атты мемлекеттік тілде оқымайтын топтар арасында мәнерлеп оқу сайысының нәтижесі төмендегідей болды:

Студенттің аты-жөні

Бағыты

Орны

1

Логашкина Виктория

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

I

2

Кузнецова Алина

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

II

3

Иниятова Кәрима

«Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

III

4

Мезрина Виктория

«Абай айтқан асылдар»

I

5

Ващенко Карина

«Абай айтқан асылдар»

II

6

Тулгабаева Мадина

«Абай айтқан асылдар»

III

 

 

 

 

Ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында декада аясында бірнеше шара жоспарланды. Соның бірі –Абай өлеңдерінен жатқа оқудан колледж студенттері арасында челендж. Республика көлемінде Абайдың өлеңдерін жатқа оқу эстафетасын 9 жастағы оқушы Ләйлім Шырақ бастап, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған болатын. Президент ұлы ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін оқып, эстафетаны білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовке, мәдениет және спорт министрі А.Райымқұловаға және әнші Д.Құдайбергенге жолдаған еді. Осы үрдіс бойынша онкүндік аясында челендж жарияланып оған оқытушы Б.Б:Құрманғалиева және 2сҚМҚ тобы жауапты болды. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» Абай өлеңдерін жатқа оқудан колледждегі  білім алушы топтар арасында  эстафетаны 2сҚМҚ-9 тобы студенті А.Әлібекұлы «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» өлеңімен ашып, 2аҚМҚ-9тобына жолдады. Бұл топтан А.Мукашева «Жастықтың оты жалындап» өлеңін оқып өз кезегін 2а,сКШФТ тобына берді. Топтан Б.Бейбітәлі «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін нақышына келтіріп оқыды.Әрі қарайэстафетаны 1аКШИ тобы студенті Т.Қуанышқалиев «Қыс» атты өлеңімен,ал 1аФК тобынан Қ.Сүйіндікова «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңдерімен эстафетаның сәнін кіргізді.Содан соң 1аКШО тобы студенті Қ.Ақболатова«Күз» өлеңін жатқа айтып, 2аКШФ тобынан Ә.Әкімжанов «Ғылым таппай мақтанба», 1а,сКБ тобынан Қ.Көшекбай «Жаз» өлеңің, 3пҚМҚ тобынан Н.Хибатова «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» өлеңін оқып эстафетаны аяқтады.

Оқытушы Б.М.Кәрімованың ұйымдастырумен Құдайберген Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Бір өзі –бір академия» атты лингвистикалық кешке қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұстаздары мен студенттер  қатысты. Шара дара ғалымның өмірі мен шығармашылығын таныстырудан басталды. Ғалымның әртүрлі қырларын тану мақсатында 3 топқа бөлінді: «Лингвист ғалым» тобы (2аҚМҚ)  Құдайберген Жұбановты лингвист ғалым ретінде «Қазақ тілі фонетикасына кіріспе» еңбегі арқылы жалқы саяси және антропонимиканалық онамастикамен, 5-сынып қазақ тілінің грамматикасымен және алғашқы «Ауыл мұғалімі» журналында мұғалімдерге арнап қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы, кітапты қалай пайдалану, оқулықтағы материалдарды оқушыларға қалай нәтижелі игерту мәселелерін көтеріп отырды. Осы журналда «Жаңа грамматиканың жақсылықтары», «Шылаулар», «Қос сөздер», «Біріккен сөздер», «Әдіс, бағдарлама мәселелері», т.б. мақалалары туралы келелі пкірлер айтты. 2-топ «Әдебиеттанушы»тобы (2сҚМҚ топ студенттері) әдебиеттанушы ғана емес, сонымен қатар Абайтану ғылымына қосқан үлесін жүйелі түрде жеткізді.Сонымен қатар тұңғыш Абайтанушы ретінде, ғалымның фольклор зерттеушісі екендегін танытатын ең негізгі шығармаларының бірі-«Абай қазақ әдебиетінің классигі» деп аталатын мақаламен таныстырды. Аяқталмай қалған бұл зерттеу 3 тараудан тұрады: «Еленбеген ерекшелік», «Абай және шағатай әдебиеті», «Абай және халық әдебиеті».Бұл тараулардың қай-қайсысы да Абайдың ақындығын тануға арналған. Ал 3-топ «Ұстаздардың ұстазы» (3пҚМҚ ) ұстаз, әдістемеші ғалым жөніндегі зерттеулеріне тоқталды. «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер»(1966), «Күрделі және көмекші етістіктер туралы», «Буын жігін қалай табуға болады?» сияқты еңбектерімен таныстырды. 1966 жылы жарық көрген «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегінде фонетика, емле, жазу, әліпби, лексикология, терминология, морфология, лингвистика салалары туралы да сөз қозғады.Әр топ өздерінің ашқан қырларын, кеш барысында түйгендерін «білгенім?», «не қиын болды?», «не білдім?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы баяндады. Лингвистикалық кеш арқылы Құдайберген Жұбановтың профессор,  абайтанушы, әдіскер, педагог, түрколог, грамматик-ғалым сынды қырларын таныды. Шара соңында кері байланыс  ретінде «Kahoot it» жаңа танымдық бағдарлама бойынша білімдерін сынады.

Желтоқсан айының 18-і күні 2аТМ тобының қатысуымен «Старый Уральск» мұражайына экскурсия жасалды.

  

Студенттер үйінде арнайы кино көрсетілімнің афишасы ілінген, сол арқылы студенттер өздерінің кешкі уақыттарын кино залда ұйымдастырады. Сонымен қатар, 1 курс студенттеріне өзін-өзі басқару студенттері  100 қазақ фильм аясында «Анама апарар жол» фильмін көріп, ой талқы жасалды.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының онкүндік жоспары таныстырылып, кафедра оқытушылары ұлтымыздың ұлы ақыны Абай десек, ақын туралы алғаш рет зеттеу еңбек жазып шығармашылығын танытқан ғалым Қ.Жұбанов туралы, Абай салған ақындық жолды  бүгінде жалғап жүрген Ақұштап ақын туралы, «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Ә.Кекілбаев шығармашылығы туралы өзі  ұйымдастыратын шараға жарнама жасады. Колледж директоры С.М.Бахишева өз сөзінде жоспарланып отырған шаралардың танымдық, тағылымдық мәні зор екендігін атап өтіп студенттерге белсене қатысуға шақырды. 3пКШК тобы студенттері Қ.Жұбановтың өмірінен көрініс қойып, ғалымның шын мәніндегі тіл жанашыры болғандығынан хабардар етті.

«Ұлағат» дебат клубы 23 қараша күні өзінің дәстүрлі «Jahansha CUP – II» облыстық турнирін өткізді. Турнирге жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қатысты. Ерекшелігі: толық БПФ форматында Турнаман бойынша өткізілген облысымыздағы алғашқы турнир болды. Турнир нәтижесі бойынша:

І орынды – «Шамаң келсе бізге» фракциясы (Жалмұқан Ерсұлтан, Амангелді Ермахан);

ІІ орынды – «Арнұрдың туған күн құрметіне фракциясы (Тұрсынғалиев Нұрсұлтан, Нұрлан Зарина);

ІІІ орынды – «Элегант» фракциясы (Самбаев Исламбек, Қаленова Назерке);

«Үздік талпыныс» номинациясын – «Біздің уақыт» фракциясы (Калпабаева Марзия, Гинятова Диана);

«Үздік спикер» номинациясын – Жалмұқан Ерсұлтан;

«Үздік төреші» аталымын – Жамбылова Нұрбақыт иеленді.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 0

Вчера 246

На этой неделе 1004

В этом месяце 0

Всего 239082

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска