2019 жылғы 4 қазан Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде Ұстаздар күніне арналған «Ұстаз– ұлы тұлға!» атты мерекелік шара өтті. Мерекелік шараға колледж директоры. Колледж директоры С.М.Бахишева ұлағатты ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі. Кәсіби мереке қарсаңында білім және ғылым саласына өздерінің елеулі үлестерін қосып, жас ұрпақты білім нәрімен сусындатып, әрі өнегелі тәлім-тәрбие беріп жүрген ұлағатты ұстаздарға облыстық басқарма атынан алғыс хаттар мен грамоталар табысталды. Сондай-ақ, мерекелік шараға арнайы шақырылған колледжіміздің ардагер ұстаздарына да ерекше құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары табыс етіліп, кәсіподақ төрайымы А.С.Бекбулатова колледжіміздің мерей той иелеріне ақшалай сыйлықтар және гүл шоқтарын табыс етті.