06 ақпан күні «Ұрпақтар ұмытпайтын-Ұлы жеңіс!» атты ардагер- ұстаз Красников Николай Григориевичпен кездесу өтті.
06 ақпан күні «Ұрпақтар ұмытпайтын-Ұлы жеңіс!» атты ардагер- ұстаз Красников Николай Григориевичпен кездесу өтті.
06 ақпан күні ҰОС Жеңістің 75 жылдығының ашылу салтанатына арналған «Аталар ерлігін дәріптеу» атты ҚР журналистер одағының мүшесі, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы, Батырханов Ахмедияр Қуанұлы және ғылыми зерттеуге көмек көрсету қорының директоры Құрымбаев Айболат Шамұратовичпен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерге соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісін және ұрпаққа аталар ерлігін дәріптеу мақсатында қызмет етіп жүрген, 2009 жылдан бері ҚР журналистер одағының мүшесі, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы Батырханов Ахмедияр Қуанұлы өлке тарихын зерттеу, іздестіру жұмыстарына белсене араласып, жеткіншек ұрпақты патриоттық және ізденімпаздық бағытта тәрбиелеу жұмысына қосып жүрген үлестеріңіз туралы ой бөлісті.
06 ақпан күні ҰОС Жеңістің 75 жылдығының ашылу салтанатына арналған «Аталар ерлігін дәріптеу» атты ҚР журналистер одағының мүшесі, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы, Батырханов Ахмедияр Қуанұлы және ғылыми зерттеуге көмек көрсету қорының директоры Құрымбаев Айболат Шамұратовичпен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттерге соғысқа қатысушылар мен тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісін және ұрпаққа аталар ерлігін дәріптеу мақсатында қызмет етіп жүрген, 2009 жылдан бері ҚР журналистер одағының мүшесі, БҚО тарихи-мәдени мұраларын қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекциясының инспекторы Батырханов Ахмедияр Қуанұлы өлке тарихын зерттеу, іздестіру жұмыстарына белсене араласып, жеткіншек ұрпақты патриоттық және ізденімпаздық бағытта тәрбиелеу жұмысына қосып жүрген үлестеріңіз туралы ой бөлісті.
Колледжде қоғамда діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу мақсатында ДӘІЖ орынбасары Қ.Х.Мажитов және әлеуметтік педагог А.К.Мухсинованың ұйымдастырумен БҚО Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы мамандары Дүйсенбі Бейімбет Жамбылұлымен, Әйгерім Халиоллақызы Ермекбаевамен 1аКШИ-9, 1сКШИ-9,1пКШТ-11, 1сКШФ-9, 1пКШФ-11, 1пКДО-11, 2аКДО-9 топ студенттері арасында «Дін және қоғам!» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылып өтті. Шара барысында теолог маман Бейімбет Жамбылұлы студенттерге діни радикализм мен экстремизм идеологиясы қоғам санасына, интернет кеңістікті, қазіргі заманғы электрондық бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жаппай ақпараттық-психологиялық әсер ету жолымен енетінін, жалған уағызшылардың әлеуметтік желілерде онлайн–уағыз айтуының кең ауқымды таралуынан қатер артып отырғанын, аталған жайтқа қатысты сұрақтары болған жағдайда білікті дін қызметкерлеріне жүгіну керектігін жеткізді. Өз кезегінде колледж студенттері аталған тақырыпқа байланысты дін өкілдері мамандарына сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.
4 февраля 2020 г. в Высшем педагогическом колледже им.Ж.Досмухамедова прошла встреча студентов специальностей «Начальное образование», «Основное среднее образование», «Дошкольное обучение и воспитание» с главным специалистом департамента по противодействию коррупции Ерканатом Ерболулы. Также почетным гостем колледжа стал Отебай Куспанов – ветеран труда, член областной информационно-пропагандистской группы. Гости встречи подняли важный для всего государства вопрос о формировании добропорядочности как основного фактора противодействия коррупции. Студенты активно откликнулись на обсуждение данной проблемы, задавали вопросы, делились мнениями о способах противодействия коррупции в сфере образования.
2018-2019 оқу жылы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб құрылды, өзінің жұмыс жоспарына сай жұмыстар жүргізілді. Қараша айында 1-2 курс студенттеріне «Құп, сапқа тұруға әзірміз!» әскерилендірілген шара өткізілді. Жыл басында «Патриот» айлығына арнайы жоспары бекітілді. І жарты жылдықта «Жас Сарбаз» клубы жетекші Н.З.Утегалиевпен бірге облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педогогикалық колледжінде АӘД пәні Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 ақпандағы «Әскери міндеттілік және әскери қызметшілірдің мәртебесі туралы» заңына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру жүргізу, сондай-ақ қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Облыстық білім беру басқармасы, Орал қаласы қорғаныс басқармасы бастықтарының бұйрықтары негізінде ұйымдастырылуда.
ҚР «Білім туралы» заңының «Оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру» атты тармағында «Білім беру ұйымындагы тәрбие бағдарламалары оқу процесінің бөлігі болып табылады және білім алушылардың,тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ, жан-жактылық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған »деп көрсетілген.
Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында, демек Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу отбасынан басталып барлық оқу орындарының, барлық пәндердің, соның ішінде айрықша алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған басты міндет болып табылуда.
Алғашқы әскери дайындықтың оқу- материалдық базасы колледжде АӘД оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес, жасақталған.
АӘД пәнінің оқу бағдарламасы бойынша саптық, тактикалық ,атыс дайындығы, медициналық дайындық , әскери топогрфия, азаматтық қорғаныс бөлімдері оқушылардың білімдері қарастырылуда және АӘД пәнінің негізгі мақсаты мен міндеті:
2019-2020 оқу жылында АӘД пәні 13 топта өткізілді, пәнді оқыған студенттердің жалпы саны 301 оның 48 ұлдар, 253 қыз балалар
Салауатты өмір салтын насихаттауды және патроиоттық тәрбиені іске асырып жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жоспар бойынша көптеген әскери-патриоттық жарыстар мен шаралар өткізілді. Жаңа оқу жылында сабақ беретін топтардың пәндер бойынша күнтізбелік жоспарларын жасақтаумен жұмыстандым. Жаңа оқу жылында АӘД пәні бойынша топтарда әскери киім нысаны туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, взвод және бөлімше командирлерін тағайындап АӘД пәнінің басталуына байланысты қажетті құжаттарды және бұйрықтар нұсқасын даярладым.
16 қыркүйек мылтық атудан колледж біріншілігі оздырылды. Жарыс кезінде жақсы жетістік көрсетіп ұлдар арасында 1 орынды Қазыбай Даурен 2аКШФ, 2 орынды Төлегенов 2асКШФТ, 3 орын Умаров Алмат 4скКШФТ тобының студенттері жеңіп алды.
Қазан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде ҚРҚК-ің 28-жылдығына және Ұлы Отан Жеңісінің 75-жылдығына арналған Ашық есік күні өткізілді. Аталған шараға колледжден 25 студент қатысты. Іс-шара барысында студенттер, Ұлттық ұлан жауынгерлерінің күнделікті қызметінен (кинологиялық қызмет иттерімен көрініс, қарумен саптық тәсілдер, әскери оркестр дифеле,«Жас бүркіт» патриоттық клубы тәрбиенушілерінің қоян-қолтық күресінен әдістері, техникажәне қару-жарақ үлгілерін көрді.
21 қазан күні Колледжде Жастар жылы аясында«Жас Сарбаз» әскери-патриотттық жарыс өткізілді. Жарыс команда бойынша және жеке біріншілік бойынша спорттың жеті түрінен өткізілді: 1)Мылтық ату. 2) Оқжатарды оқпен жарақтау.3)Автоматты шашып,жинау.4) Шалқадан жатып денені көтеру. 5) Противогаз кію 6) Кермеге тартылу.7)Арқан тарту
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына ҚРҚК құрылғанына 28 жыл толуына орай өткізілген «Жас Сарбаз» әскери- патриоттық жарыстың қорытындысы:
Тобы |
Арқан тарту |
Авт шашу |
Мылтық ату |
Кеудені көтеру
|
Оқжатарды жинау |
Противогаз |
Ұпай |
Орын |
1аМК |
3 |
6 |
1 |
3 |
1 |
1
|
15 |
1орын |
1аКДО
|
2 |
1 |
5 |
1 |
7 |
3 |
19 |
3орын |
1аФК
|
5 |
4 |
2 |
1 |
3 |
4 |
17 |
2орын |
1аКШИ
|
4 |
5 |
3 |
3 |
5 |
2 |
22 |
4орын |
1аСП |
5 |
3 |
4 |
2 |
4 |
7 |
25 |
6орын |
1сКШИ
|
5 |
2 |
6 |
4 |
2 |
5 |
24 |
5орын |
«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубтың жетістіктері.
Командалық:
1.Техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында пневматикалық атудан өткен спорттық жарыста , командалық сайыста-І орын .
3.Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай Халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековты еске алуға арналған облыстық пневматикалық винтовкадан ату турнирінде командалық есепте -ІІ орын.
Жекелей:
1.«Айбын-2019» Республикалық әскери-патриоттық жиында облыс командасы құрамында Ахметқалиев Бауыржан І-орын.
1.Техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында пневматикалық атудан өткен спорттық жарыста Бақтығалиев Саябек -І орын.
6.Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай Халық қаһарманы Қ.Рысқылбековты еске алуға арналған облыстық пневматикалық винтовкадан атудан әскери жетекшілер арасында Утегалиев Н.З турнирдің жарыс жеңімпазы болды.
29 қыркүйек күні «Мәңгілік ел ертеңі – дені сау ұрпақ» атты «Денсаулық фестивалі - 2019» ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлікті анықтау;
21 қыркүйекте 1 курс студенттері арасында «Денсаулық фестивалы» мақсаты студенттердің денсаулық денгейін жақсарту, бұқаралық спортты насихаттау.
Шараны директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Мұқашев М.С мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галимова.Р.М құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Саз кафедрасы шараның басынан аяғына дейін әндермен, билермен сүйемелдеді. Фестивальда Әскери-сорттық кешені бойынша жарыс оздырылды. Бағдарламада:1 Кермеге тартылу. 2.Қолды бүгіп-жазу. 3.Аяқты бүгіп жазу. 4.Аяқты ауыстырып секіріп жүрелеп отыру. 5. Шалқадан жатып денені көтеру.
Жарыс қорытындысы бойынша. Сайыстың бес түрі бойынша:
І- орын Қазыбай Мырзахмет 2аКШФ тобы 240 ұпай
ІІ-орын Рустам Файзолла 2асКШФТ тобы 216 ұпай
ІІІ-орын Орайбайұлы Айса 2аКШФ тобы 190 ұпай
Қазанның 14-і күні «Әскерге дейінгі шақырылушы жастардың арасында дәстүрлі колледжішілік күзгі спартакиада (мылтық ату, кермеге тартылу, кросс) өткізілді. Оған АӘД пәнін оқитын ер балалар қатынасты. Спартакиада ұйымшылдықпен, қызықты өтіп студенттер белсенділікпен қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша
1.Мылтық ату:
I орын: Ақсеріков Тілекқабыл 37 ұпай
II орын: Шайдуллин Ерасыл 35 үпай 1аФК-9
III орын: Кайргалиев Санжар 30 ұпай 1аКШИ-9
2.Кермеге тартылу:
I орын: Қази Бекзат 18 ұпай 1сКШФ-9
II орын: Бақтыгереев Біржан 17 ұпай 1асКШФТ-9
III орын: Оразғали Азат 12 ұпай 1аКШИ-9
3.Кросс:
I орын: Нұрлыбаев Сұлтан 8,12 минут 2асКШФ-9
ІІ орын: Есенов Нұрсайын 8,19 минут 2асКШФТ-9
III орын:Сәлім Анарбек 8,30 минут 2асКШФТ-9
12 ақпан күні Ауған демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылуына 31 жыл толды. Осыған орай 10 ақпан күні «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге 1987-1989 жылдар аралығында Ауғанстан демократиялық республикасының Кабул провинциясында интерноционалдық борышын өтеген, қазіргі уақытта зейнеткер- Баймулдин Қадірбек Ескендірұлы және запастағы капитан «Сервис және жаңа технологиялар» колледжінің әскери жетекшісі- Есенғожин Болат Нуритдинович қатысты. Ауған соғысы туралы студенттерге мағлұмат беріліп, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағызым ету, есімдерін мәңгі құрметтеуге тәрбиеледі. Ауған соғысының ардагері Қадірбек Ескендірұлы өзінің интернационалдық борышын өту кезеңінен оқиғаларды айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, батылдық пен ерліктің ерен үлгісі туралы ойларымен бөлісті. «Жас сарбаз» клубының жетекшісі Нұрлыбек Закарянұлы ауған соғысының ардагерлеріне жеке құрамды тәрбиелеу ісіне қосар үлестерінің зор екендігін, ұрпақты тәрбиелеуде жауынгерлік жылдарындағы естеліктер Отанды сүюге, оған адал болуға үйрететінін айтып, ардагерлерге тілектерін білдірді.