Бүгін студенттер үйінің тұрғындары арасында студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында машықкер Рахым Айзада мен колледж психологы Н.Х Курмангалиева «Жағымсыз эмоциялардан қалай арылуға болады» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренинг мақсаты: Студенттердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, өздеріне құрметпен қарау, стрестен арылту, ортада сыйластық қарым-қатынас орнату, күнделікті кездесуі мүмкін эмоционалдық соққыларға төтеп беру иммунитетін қалыптастыру.