31 қазан күні колледжде «Әдептілік – әдемілік белгісі: адамгершілік негіздері» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз баланың ортада өзін – өзі ұстауы, тәртібі, тазалығы туралы әңгімелей отырып, өз денсаулығына қамқор болуға үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту және психологиялық қолдау көрсету.