31 қазан күні колледжде «Әдептілік – әдемілік белгісі: адамгершілік негіздері» тақырыбында қыздар жиналысы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қыз баланың ортада өзін – өзі ұстауы, тәртібі, тазалығы туралы әңгімелей отырып, өз денсаулығына қамқор болуға үйрету, салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту және психологиялық қолдау көрсету.
Жиналыста колледж мейірбикесі А.С.Джумагалиева қыз бала бойындағы тазалықтың қандай болуы, оны қалай ұстану, ерте жүктіліктен сақтану жолдары туралы баяндама оқыды.
Педагог – психолог А.К.Аяпбергенова студенттердің бір-бірімен, ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауын, мәдениетті сөйлеуін қалыптастыру, өзара жағымды қарым – қатынас орнату бойынша кеңестермен бөлісті.
Жастар жетекшісі М.Қ. Слемғалиева зиянды әрекеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратының ескертті. Сондай-ақ жатақханадағы тәртіп, тазалық мәселелеріде қамтылды.