Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Тәуелсіздік-тұғырым!» атты «Жас сарбаз» ұйымының (жет. Д.Р.Аяпбергенов) патриоттық шарасы өтті. Шараға колледж оқытушылары, студенттерімен қатар шақырулы қонақтар БҚО Ақжайық телеарнасының журналисі ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, ақын-жазушы Мұнайдар Мұқамбетжанұлы Балмолда мен 5517 Әскери бөлімінің Жауынгерлік дайындығының аға маманы, аға нұсқаушы. «АҚЖАЙЫҚ ҚЫРАНДАРЫ» әскери патриоттық лагерінің директоры Хасанов Эльдар Хайрлыұлы қатысты.
Шара ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы азаттық үшін күресінің жемісі-Тәу етер Тәуелсіздігіміз туралы бейнеролик тамашалаудан басталып, студенттердің орындауындағы тәуелсіздік тақырыбындағы ән-жырлармен жалғасты. «Жас сарбаз» клубының мүшелері автоматты шашып-жинаудың үлгісін көрсетті.
Жазушы Мұнайдар Мұқамбетжанұлы Балмолда туралы бейнеролик көрсетіліп, «қазақ» ұғымының мәні, қазақ халқының ауыр тағдыры, Тәуелсіздік жолындағы күрестердің бірі «Қыркүйек оқиғасына» қатысып, осы тарихи жағдайға дұрыс баға берілуі жолында аштық жариялаған топтың ішінде болғандығы, сол арқылы ел Тәуелсіздігіне өзіндік үлесі жайлы әсерлі әңгімеледі.
«АҚЖАЙЫҚ ҚЫРАНДАРЫ» әскери патриоттық лагерінің директоры Хасанов Эльдар Хайрлыұлы өз сөзінде қазіргі өсіп келе жатқан жас ұрпақ телефонға тәуелді, физикалық тұрғыдан әлсіз, сондықтан да Тәуелсіздігімізді баянды ететін ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеуде 10-16 жас аралығындағы жас ұландарға арналған патриоттық лагер құрғандығы қазіргі уақытта лагер облыс әкімшілігі тарапынан қолдау тауып, әрі қарай да жұмысын жандандыру туралы ойларымен бөлісті.
Колледж директоры Қайрлиева Алтынгүл Жақсығұлқызы қорытынды сөз сөйлеп, Тәуелсіздік күні мерекесінің маңызын аша түсті, келген қонақтарға әсерлі, мазмұнды әңгімелері үшін ризашылығын білдіріп, оқытушылар Г.С.Сүйінгалиева, Б.Б.Құрманғалиеваларды облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапаттады.
Кеш колледж студенттерінің «Қазақстаным» әнімен қорытындыланды.
Тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай!