2011 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті Тұңғыш Президент күнін мемлекеттік мереке деп белгілеген Заң қабылдағанын баршамыз білеміз. Нұрсұлтан Назарбаев – егемен Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуы мен өркендеуіне елеулі үлес қосқан қазақстандық мемлекеттіліктің бастауында тұрған аса көрнекті тұлға. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың дана саясатының арқасында Қазақстан әлемдік аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі колледжде өткен «Жетістік жолы» атты кездесуде студенттердің назарын Ұлт Көшбасшысыларының жетістіктеріне назар аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін нығайтуға, сондай-ақ олардың бойында тұлғалық өсуіне қажетті дағдыларын, көшбасшылық қасиеттерін дамытуға бағытталды. Кездесуге қаламыздағы жеке де жас кәсіпкер, «Ақұштап Құспан» сұлулық салонының директоры, 2017 жыл World Skills Kazakstan чемпионатына өңірлік эксперт, ұлттық өнім көрмесінде «жарқын дебют» номинациясын иеленген, Ақұштап Құспан және Батыс Қазақстан облысының танымал киномотографы, урбанист, қоғамның белсенді азаматы, «Үркер» фондының директоры Ғұмар Алишер Ғаниұлы қатысып, студенттерімізге жетістікке жету жолы, іскерлік, кәсіпкерлік, көшбасшылық тақырыптарында ой салды. Студенттер тарапынан да сұрақтар қойылып, керемет кеш болды. Қоғамның даму үдерісін ілгерілетудің жетекші күші жастар екендігі ақиқат дүние. Колледж студенттері кездесу арқылы қазақстандық патриотизмді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді ала алды.