15 қараша күні колледж студенттерінің арасында «Ұлы дала перзентімін» тақырыбында жобалар байқауы өтті. «Ұлы дала перзентімін» ғылыми жобалар байқауы колледжіміздің білім алушылары үшін «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру шеңберінде өткізіледі және жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақта тәрбиелеуге және шығармашыл жастарға қолдау көрсетуге, болашақ педагогтардың жеке-тұлғалық әлеуетін жүзеге асыруға, ғылыми-практикалық қызметке тартуға бағытталған.
10 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1сКШО-9 тобында «Менің ата-анам жұмысының бір күні» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Ата-аналардың мамандығын құрметтеуге үйрету, студенттерді еңбекке баулу және жастардың бойына ұлттық құндылықтарды дәріптеу.
Колледжде «Колледж – өзін өзі оқытатын ұйым» жобасы аясында түрлі бағыттағы жобалар жұмыс жасайды.
Қазіргі заман педагогтерінің білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, цифрлық платформаларды қолданудың тиімді жолдарын меңгерту мақсатында колледж оқытушысы Суйнгалиева Гульфайрус Канаткалиевнаның «Оқытушының виртуалды тулбоксы» жобасымен жұмыстануда. Оқытушылармен «Оқытушы жұмысын жеңілдететін платформалар» тақырыбында кезекті практикалық семинар өтті.
Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Өзін-өзі оқыту» жобасы аясында ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары жас мамандар мен студенттерге арнап шеберлік сағатын өткізді. Шараның негізгі мақсаты– жас мамандарға оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерту, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.
Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі студенті Станислава Александровна WorldSkills Kazakhstan VIII Республикалық кәсіби чемпионатына қатысушы
«Қарызсыз қоғам» жобасы «Аmаnаt» саяси партиясы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығы» РҚБ бірлескен бастамасы қаржылық сауаттылығы бойынша курс, Орал қаласындағы Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қызметкерлері мен студенттеріне сертификат табысталды
27 қазан күні Жаһанша колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жанындағы «Зерде» клубының декада аясындағы дәрісі «Рухани үндестік» тақырыбында ақын Ғайса-Ғали Сейтақ пен ардагер-ұстаз, ақынның жан жары Тамара Нәбиқызының шығармашылығына арналды.
Кездесу барысында Тамара Нәбиқызының “Ене тағылымы” атты кітабының таныстырылымы болды.
Оқуға құштар колледж жобасы аясында "Мен оқыдым, сен де оқы" атты READx форматында шара өтті.