«Емтиханға даярлық кезінде стресстен қалай құтылуға болады?» тренинг

06.06.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинова емтихан тапсырушы студенттерге сынақ алдындағы бойындағы стресстік қалыптан арылу, сенімді мінез-құлық дамыту, психологиялық қысымнан арылу мақсатында «Емтиханға даярлық кезінде стресстен қалай құтылуға болады?» атты тренинг ұйымдастырып өткізді. Тренинг барысында студенттер «Кедергілерді жеңу», «Аутотренинг формуласы», «Биопоэма стратегиясы», «Поезд жаттығуы» т.б жаттығуларды жасай отырып, өздерінің алған әсерлерімен бөлісті.

«Сергелдең»

06.06.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 1апКИНФ-11 тобының топ жетекшісі С.Мусагалиева, әлеуметтік педагог А.Мухсинова және 1апКИНФ-11 тобының студенттері, студенттер үйінің студенттері Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің «Діни ахуалды тұрақтандыруға бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыру шараларын өткізу» жобасы аясында ұйымдастырылған жасөспірімдердің жат ағымдарға иммунитетін қалыптастыру және қазіргі таңдағы өзекті мәселелер – терроризм мен діни экстремизмді алдын-алу мақсатында Ю.А.Гагарин атындағы балалар мен жасөспірімдер кинотеатрында «Сергелдең» кинофильмін тамашалады.

Жұмыссыздық мәселесі бойынша қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізілді

06.06.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенділері Орал қаласы әкімдігінің бастамасымен жұмыссыздық мәселесі бойынша қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндірме жұмыстар жүргізілуіне белсене атсалысты. Студенттер мамандармен бірге «Мирлан» орталық базарының алдында қала тұрғындарына кітапшалар таратып, ақпарат берді.

«Жасыл ел» маусымының ашылу салтанаты

5-маусым күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Мухсинова және колледждің белсенді жастары БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қалалық мәдениет және демалыс саябағында, БҚО «Жасыл ел» еңбек жасақтарының ХV еңбек маусымының ашылу салтанатына қатысты. Шара барысында студенттер «Жасыл Ел» еңбек жасағының белсенді қатысушы студенттері марапатталып, арнайы сертификаттар табыс етілді.

«Жүректен - жүрекке» атты сыр – сұхбат кеші

2019 оқу жылының 30 мамыр күні Ж.Досмұханбетова атындағы жоғары педагогикалық колледжісінде, студенттер үйінің тұрғындарына арналған, «Музыкатанушы» үйірмесі ұйымдарсырған,киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, ақын, талантты журналист, тележүргізуші Мұнайдар Мұханбетжанұлы Балмолда ағамызбен «Жүректен - жүрекке» атты сыр – сұхбат кеші өтті.

«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»

Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз. Балалар – бұл біздің болашағымыз. Бастаған ізгі істеріміздің жалғастырушысы, үкілеп ұшырған үміт-құсымыздың қанаты. Балалар – тыныштық символы, мейірім тотемі. Осы себепті олардың бақытты болуы үшін ештеңе аямаймыз.

Алғыс хат

29.05.2019 күні 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай өткізілген Орал қалалық мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Ынтымақ» волонтерлар клубының белсенді мүшелері (15 студент) Орал қаласының әкімі М.Мұқаевтың арнайы алғыс хатымен марапатталды.

«Тарихи өлке» квест ойны

Орал каласының ақпараттық талдау және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығығының Орал қаласы жастары арасында қаламыздағы тарихи маңызы бар орындарды кеңінен таныту мақсатында ұйымдастырылған «Тарихи өлке» квест ойнынына Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің белсенді студенттері белсене қатысып, жүлделі II орынды иеленді.

«Жасыл ел – Жасыл Орал»

25.05.2019 күні Орал қаласы әкімдігінің бастамасымен қоршаған ортаға деген жауапкершіліктерін арттыру мақсатында «Жасыл ЕЛ – Жасыл Орал» атты сенбілікке Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің әлеуметтік педагогы А.Мухсинова, қазақ тілі пәнінің оқытушысы А.Құрманәлі және 2асКШТ-9, 1пКДО-9, 1пКШФ-11 тобының студенттері қатысып, белсенділік танытты.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 26

Вчера 84

На этой неделе 392

В этом месяце 1246

Всего 188819

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска