«Тіл достықтың айнасы»

10-16 қыркүйек арасында «Тіл достықтың айнасы» атты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының этнос жастары арасында Абай өлеңдерін жатқа оқу эстафетасына «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігінің 2 курс студенті Исаева А.К., «Музыкалық білім беру» мамандығының 2 курс студенті Алиева Залина Арбиевна қатысты. Мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау, жастар арасында Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің қызығушылығын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін арттыру.

«Дәстүр» мәдени - көпшілік шарасы

Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 13 қыркүйек күні Тұңғыш Президент алаңында «Рухани жаңғырту» жобасы аясында «Дәстүр» мәдени - көпшілік шарасы өтті. Шараның мақсаты- қазақтың салт-дәстүрін насихаттау. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж оқытушылары мен студенттері «Бесікке салу» дәсүрінен көрініс көрсетті. Көріністі басқа ұлт өкілдері тамашалап, алғыс хатпен мараппаттады.

«Басқаға қуаныш сыйлай білген – ең бақытты жан».

Ерікті волонтер болу дегеніміз риясыз мейірімділік көрсету, жаңа дағдыларға үйреніп, адамдарға жақсылық жасау, мүмкіндігі шектеулі жандардың қызықты да əсерлі істер мен оқиғалардың ортасында болуы үшін көмектесу, тағдырдың тезімен қиын жағдайға тап болған адамның жанынан табылу, қолынан келгенше сүйеу бола білу деген сөз. Ол екінің бірінің қолынан келмейтін іс. Ерікті волонтерлер болу үшін адамдарға ниет білдіру, жаны ашып, есіркей білу, командада жұмыс жасай білу ғана емес, адалдық, парасаттылық сияқты адамгершілік қасиеттер керек.

«Орал көненің көзіндей- тарихтың өзіндей» библиокеруен

11 қыркүйек күні Ж.Молдагалиев атындағы БҚО әмбебап ғылыми кітапхана, Орал қалалық орталықтандырылған кітапхана, Сырым аудандық орталықтандырылған кітапханасының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырту» бағдарламасы аясында «Бір көше-бір тарих» кітапханалық жобасы бойынша қолбасшы батыр, би, шешен Сырым Датұлының өмірі мен ерлігін, шешенділігін мен даналығын насихаттау мақсатында «Орал көненің көзіндей - тарихтың өзіндей» библиокеруенге колледж студенттері қатысты.

«Өз жеріңді танып, біл» атты акция

11 қыркүйек күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 1 курс студенттерінің арасында «Өз жеріңді танып, біл» атты акция жорық түрінде ұйымдастырылды. Жорықтың мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау, туристік-өлкетану қызметі құралдары арқылы мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру, туған өлкесін іс жүзінде танып-білуге үйрету. Жорық маршруты бойынша студенттер 3 топқа бөлініп, жорық ұйымдастырушымен бірге жолға шықты.

Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға "Құрмет" орденінің және халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызы, колледжіміздің "Ұрпақтар сабақтастығы" клубының төрағасы, белгілі өлкетанушы-ғалым Жайсаң Ақбай ағамыз, педагогикалық еңбек ардагерлері Цымбал Надежда Николаевна, Белоконь Лидия Ивановна, Губашева Балғаным Салауатовна, Нугманов Максим Капаевич, Сулейменов Мақсот Насикенұлы және Батыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы Мұстафин Асан Абайұлы қатысып, ұстаздар мен шәкірттерді білім күнімен құттықтады.

«Уытқұмарлықтың зардаптары және оның алдын-алу»

05.09.2019 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.К.Мухсинова «Уытқұмарлықтың зардаптары және оның алдын-алу» тақырыбында жасөспірімдер арасында жүйке жүйесіне кері әсер ететін құралдарды пайдаланудың зардаптары және олармен жүргізілетін профилактикалық жұмыстар жөнінде 1 курс студенттеріне түсіндірме жұмысын жүргізді.

БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢҒЫРТУ АЯСЫНДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ КУРСТАРЫ ӨТІП ЖАТЫР

2019 жылдың 2-7 қыркүйек аралығында колледж оқытушылары жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілік арттыру курстарынан өтіп жатыр.
Курс бағдарламасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығымен құрастырылып, отандық және шетелдік тәжірибелерді қамтыған.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 13

Вчера 154

На этой неделе 13

В этом месяце 3214

Всего 190787

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска