ВЫСШИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ

    ИМЕНИ Ж. ДОСМУХАМЕДОВА

    Нұрлы күн мен ашық аспан, бейбітшілік таңды,арыстандай алысқан жауынгерлер біз үшін, келер ұрпақ үшін сыйлады. Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, «Біз жеңіс-мұрагерлеріміз» атты акцияға колледж оқытушыларымен студенттеріде қатысып, ұлы қолбасшы, Кеңес Одағының маршалы, төрт дүркін Кеңес Одағының Батыры, Ұлы Отан соғысы кезінде аты аңызға айналған Георгий Константинович Жуковтің ерлігіне тағзым етті.

    Бүгін студенттер үйінің тұрғындары арасында студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында машықкер Рахым Айзада мен колледж психологы Н.Х Курмангалиева «Жағымсыз эмоциялардан қалай арылуға болады» тақырыбында тренинг өткізді.

    13.02.2020 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2аКШО-11 тобының студенттерімен БҚО Жастармен жұмыс жөніндегі ресуртсық орталығы кеңес беру бөлімінің басшысы Қабошев Аман Бауыржанұлы және қалалық жастар ресурстық орталығының теолог маманы Амреев Оразбек Жамбылұлы діни сауаттылықты арттыру жат ағымдардан сақ болу, қоғамда діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу мақсатында студенттермен кездесу өткізді.

    12.02.2020 күні тәрбиеші А.Нугманова студенттер үйінің тұрғындарымен «Үлкенге құрмет» кішіге жол көрсет!» тақырыбында баяндама оқыды. Мақсаты студенттерді жаман әдеттен аулақ болуға, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуды үйрету. Өзара сыйластық қарым-қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіріп, жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту, жақсылыққа, имандылыққа, адамгершілікке, шыншылдыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. 

    Ауған демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылуына 31 жыл толды. Осыған орай 10 ақпан күні «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге 1987-1989 жылдар аралығында Ауғанстан демократиялық республикасының Кабул провинциясында интерноционалдық борышын өтеген, қазіргі уақытта зейнеткер - Баймулдин Қадірбек Ескендірұлы және запастағы капитан «Сервис және жаңа технологиялар» колледжінің әскери жетекшісі - Есенғожин Болат Нуритдинович қатысты.

    Ақпанның 10 жұлдызы күні колледжімізде мемлекет басшысы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласын насихаттау және «2020 жыл - Еріктілер жылы» қолдау мақсатында жас оқытушылар мен студенттер арасында пікірсайыс турнирі өткен болатын. Турнир ерекше атмосферасымен есте қалды. Турнирде қаралған қарар: «БП ұлттық кодтың негізі тілде» осы тақырып аясында АПФ форматында пікір алмасу болды.

    Страница 1 из 34