«Сау ұрпақ, сау халық» тақырыбында тұрғындар арасында волейбол мен футболдан сайыс

Салауатты өмір салтын ұстану - қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі. Жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті, дені сау азамат өсіру отбасының, жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян.

«Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу ісіндегі ҚР бас прокуратурасының цифрлық жобаларының рөлі» тақырыбында ашық есік күні

«Жасөспірім және қоғам» тақырыбы бүгінгі таңда маңызды тақырыпқа айналды, себебі өкінішке орай кейбір жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән бере қоймайды.

Студеттік «Өзін өзі басқару» ұйымының президентін сайлау

25 қыркүйек күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде студеттік «Өзін өзі басқару» ұйымының студенттік президенттікке сайлау жүрген болатын. Сайлау кезінде колледж президентіне үміткерлер, Серікова Жанаргүл 3аМК-9, Мусин Бахтияр 3асКИНФ-9, Хамит Райда 3аМК-9, Амантаев Қасымхан 3асФК-9, Кабенова Аиша 2бКДО-9, Серіков Бағжан 2аКШО-11, Жарланов Тамерлан 3асКИНФ-9, Нұрлан Арман 3аКШО-9 тобының студенттері өздерінің сайлау алдындағы бағдарламасымен TED форматында таныстырды.

«Жатақхана-қызықты өмір мекені»

25.09.2019 күні студентер үйінің тұрғындарымен «Жатақхана-қызықты өмір мекені» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танысу кеші ұйымдастырылды.
Мақсаты: Студеттердің қоғамдық орынға бейімделуі, өзара танысу, мәдениеттілікке, көпшілікке, ұйымшылдыққа баулу. Бұл шарада студенттердің өнері мен тапқырлығына жол ашып, бос уақытын тиімді пайдалануға шақыру. Студенттерді адамгершілікке, жаңашылдыққа, адалдыққа, жан-жақтылыққа және мейірімділікке баулу.

«Өзін өзі басқару» ұйымы студенттері мен колледж директорымен кездесу өткізілді

24 қыркүйек Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Өзін өзі басқару» ұйымы студенттері мен колледж директоры Бахишева Светлана Меңдіғалиқызымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында «Өзін –өзі басқару» ұйымының төрайымы Қасым Алина, «Жас Отан ЖҚБ» төрағасы Мусин Бахтияр , мәдениет министрі Серіков Бағжан, спорт министрі Нұрлыбаев Сұлтан, әлеуметтік ақпараттандыру министрі Хамит Раида, «Руханият» еріктілер клубының төрайымы Кабенова Айша, «Адалдық алаңы» төрағасы Орынбасаров Береке өз идеяларын айтып, жаңа жобаларын ұсынды.

«Бірлік -Дружба»

24 қыркүйек күні сағат 18:00 де Х. Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында «Достыққа шекара жок: Жастар. Диалог. Мәдениет» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы форумы аясында «Бірлік -Дружба» фестиваліне Ж.Досмұхамедов колледжінің белсенді студенттері қатысып келді.

«Педагогикалық кластар-мамандыққа бастар жол» тақырыбында өзекті жобасының басталу семинары

19.09.2019 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директоры С.М.Бахишеваның басшылығымен директордың ОӨЖ жөніндегі орынбасары М.С.Мұқашев пен педагогика және психология кафедрасы оқытушылары «Педагогикалық кластар-мамандыққа бастар жол» тақырыбында өзекті жобасының басталу семинарын өткізді. Семинарға облыстық білім басқармасы жанындағы әдістемелік кабинеттің директоры А.О.Хамзина қатысып, облыстық білім басқармасының басшылығымен мектептерде арнайы эксперимент алаңдары белгіленіп, педагогикалық кластар ашылуы заман талабынан туындағанын айтты.

BilimLand-электронды оқыту платформасының ресурстарын пайдалану бойынша вебинар өтті

2019 жылдың 13 қыркүйегі күні колледж оқытушыларына BilimMediaGroup компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі PR-маманы Ақжан Тамай Алпысбайұлы, маркетологы Айдар Утаргалиев вебинар өткізді. Олар компанияның мақсат-міндеттеріне, миссиясына, атқарып жатырған жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар kitap.kz, bilimland.kz, itest.kz, imektep.kz, twig-bilim.kz ресурстарымен таныстырды.

«Салауатты жастар-қуатты ұлттың негізі» атты 10 күндік денсаулық апталығы

16 қыркүйек күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде дене тәрбие және спорт кафедрасының «Салауатты жастар-қуатты ұлттың негізі» атты 10 күндік денсаулық апталығының ашылу салтанатты өтті. Ашылу салтанатын «Руханият» еріктілер тобы флешмобпен ашып, колледж директоры С.М.Бахишева және кафедраның ардагер ұстазы Б.К.Набидоллин құттықтау сөз сөйледі. Кафедра меңгерушісі А.Г.Шапанов 10 күндік апталықтың жоспарымен таныстырып, «Кермеге тартылу» «Шалқадан жатып денені көтеру», «Мылтық ату», «Қол күресі», « Асық ату» спорт түрлері бойынша ерлер мен қыздар арасында жарыс жалғасты.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 37

Вчера 154

На этой неделе 37

В этом месяце 3238

Всего 190811

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска