"Кафедра тарихы - колледж тарихы" тақырыбында студенттердің арасында зерттеу жұмыстарының сайысы өтті

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 110 жылдық мәнімен мағынасы зор, тәлімімен тәрбиесі мол тарихын жастар санасына сіңіру, өткеннен сабақ алу, аға ұрпақтың өнегелі істерін дәріптеу тұрғысында 14 желтоқсан күні жаратылыстану және қоғамдық пәндер кафедрасы оқытушылары ұйымдастыруымен "Кафедра тарихы - колледж тарихы" тақырыбында студенттердің арасында зерттеу жұмыстарының сайысы өтті. Мақсаты: кафедрада әр жылдары қызмет еткен ұлағатты ұстаздардың, өмірде, еңбекте толағай жетістіктерге жеткен түлектердің еңбек жолдары, іс- тәжірибелерін кейінгі буын жастарға үлгі ету, насихаттау және жобалық зерттеу жұмыстарының түпкі нәтижесі есебінде өнім ұсыну болды.

«Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік!» тақырыбында кездесу өтті

14 желтоқсан күні колледжде «Қауіпсіздік ережесін біліп жүрейік!» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу мақсаты: ұстаздар мен студенттерге арналған өрт қауіпсіздігі ережелері туралы ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізу.

"Сабақта жаңа әдіс тәсілдермен бөлісу" тақырыбында шеберлік сыныбы өтті

13 желтоқсан күні ағылшын тілі кафедрасының он күндігі аясында "Сабақта жаңа әдіс тәсілдермен бөлісу" тақырыбында студенттер мен оқытушыларға арналған шеберлік сыныбы өтті.

Шеберлік сыныптың мақсаты-жас мамандарды және студенттерді педагогикалық жаңашылдыққа үйрету. Оларға әдістемелік көмек көрсету арқылы педагогтардың және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

"Intellectual heritage of Alash" атты ашық тәрбиелік шара өткізілді

12 желтоқсан күні ағылшын тілі апталығы аясында пән мұғалімдері Даулеткалиева А Т., Сагатова Б.Д., Давлетова Ә.Е. 1-2 курс студенттерімен "Intellectual heritage of Alash" атты ашық тәрбиелік шара өткізді.

Мақсаты: Студенттерге Алаштың бес арысын сонымен қатар, Алаш көсемдерін таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу.

«Global Human Values» -«Адамзаттық құндылықтар» конференциясы болды

8.12.2023ж Ағылышын тілі онкүндігі аясында ұйымдастрылған Tedx форматында 1-4 курс студенттерінің арасында «Global Human Values» -«Адамзаттық құндылықтар» конференциясы болды.

Мақсаты: Заманауи тілді бейнелейтін, оқулықтарда әрдайым бола бермейтін тақырыптармен, сөздіктермен жұмыстанып, студенттердің сөйлеу дағыларын дамыту және қалыптастыру.

Курстық жұмыс, құрылымы, зерттеу жұмысын рәсімдеу талабы

Колледжімізде 2023 жылдың 30 қараша күні “Scientific student`s club -Студенттердің ғылыми клубы” клубының жетекшілері Г.А.Турежанова және Н.С. Дербістің ұйымдастыруымен “Курстық жұмыс, құрылымы, зерттеу жұмысын рәсімдеу талабы” тақырыбында курстық жұмысты қалай жазу туралы ақпарат беру шарасы өтті. Шараға клуб мүшелері және бітіруші топтар 4 аКШИ-9, 4сКШИ-9 және 3апКШИ-11 топтары қатысты.Шарада курстық жұмыстың жазылу тәртібі мен ереже талаптары туралы айтылды. Студенттер тақырып бойынша, курстық жұмыстарының тақырыбына сай сұрақтар қойып өз пікірлерін білдірді.

Студенттер кинотеатрда

7-ші желтоқсан күні Ю.Гагарин атындағы балалар кинотеатрына барып 1сКШИ-9 тобы студенттері мен топ жетекшісі А.Т.Даулеткалиева отандық өнім "Жанұя" фильмін көрдік. Жалпы фильм отбасы құндылықтары мен отбасының әрбір адам өміріндегі рөлін дәріптейді.

«Тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықты қалыптастыру» атты ағылшын тілі кафедрасы онкүндігінің ашылу шарасы өтті

07.12.2023 күні «Тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықты қалыптастыру» атты ағылшын тілі кафедрасы онкүндігінің ашылу шарасы өтті. Онкүндіктің мақсаты: тәрбие үдерісіндегі құндылықтардың маңызы, қолдану жолдары туралы сөз қозғап, ой бөлісу.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 61

Вчера 182

На этой неделе 1393

В этом месяце 9429

Всего 186948

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска