«Ұлы дала перзентімін» тақырыбында жобалар байқауы өтті

15 қараша күні колледж студенттерінің арасында «Ұлы дала перзентімін» тақырыбында жобалар байқауы өтті. «Ұлы дала перзентімін» ғылыми жобалар байқауы колледжіміздің білім алушылары үшін «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру шеңберінде өткізіледі және жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақта тәрбиелеуге және шығармашыл жастарға қолдау көрсетуге, болашақ педагогтардың жеке-тұлғалық әлеуетін жүзеге асыруға, ғылыми-практикалық қызметке тартуға бағытталған.

Байқау практикасы сәтті өтті

Колледжімізде 14 қараша күні «Шетел тілі мұғалімі»мамандығының студенттерінің байқау практикасының қорытындысына арналған шара өткізілді. Байқау практикасы 2023 жылдың 25.09-27.10 аралығында №19 ЖОББМ-де өткен болатын.
«Менің ата-анам жұмысының бір күні» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

10 қараша күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1сКШО-9 тобында «Менің ата-анам жұмысының бір күні» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Мақсаты: Ата-аналардың мамандығын құрметтеуге үйрету,   студенттерді еңбекке баулу және жастардың бойына ұлттық құндылықтарды дәріптеу. 

«Оқытушы жұмысын жеңілдететін платформалар» тақырыбында кезекті практикалық семинар өтті

Колледжде  «Колледж – өзін өзі оқытатын ұйым» жобасы аясында  түрлі бағыттағы  жобалар жұмыс жасайды.

Қазіргі заман педагогтерінің білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, цифрлық платформаларды қолданудың тиімді жолдарын меңгерту мақсатында колледж оқытушысы Суйнгалиева Гульфайрус Канаткалиевнаның «Оқытушының виртуалды тулбоксы» жобасымен жұмыстануда.  Оқытушылармен  «Оқытушы жұмысын жеңілдететін платформалар» тақырыбында кезекті практикалық семинар өтті.

«Өзін-өзі оқыту» жобасы аясында

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Өзін-өзі оқыту» жобасы аясында ағылшын тілі кафедрасының оқытушылары жас мамандар  мен студенттерге арнап шеберлік сағатын өткізді.    Шараның негізгі  мақсаты– жас мамандарға   оқыту мен білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін меңгерту, педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту.

Қызметкерлер мен студенттерге сертификат табысталды

«Қарызсыз қоғам» жобасы «Аmаnаt» саяси партиясы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «Ұлы Дала» ауылдық бизнесті дамыту қауымдастығы» РҚБ бірлескен бастамасы қаржылық сауаттылығы бойынша курс, Орал қаласындағы Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің қызметкерлері мен студенттеріне сертификат табысталды

«Рухани үндестік»

27 қазан күні Жаһанша колледжінде қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы жанындағы «Зерде» клубының декада аясындағы дәрісі «Рухани үндестік» тақырыбында ақын Ғайса-Ғали Сейтақ пен ардагер-ұстаз, ақынның жан жары Тамара Нәбиқызының шығармашылығына арналды.

Кездесу барысында Тамара Нәбиқызының “Ене тағылымы” атты кітабының таныстырылымы болды.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 81

Вчера 469

На этой неделе 550

В этом месяце 8586

Всего 186105

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска