“Қол күресі” ойыны

17 қаңтар күні колледжіміздің студенттері арасында “Қол күресі” ойыны өткізілді.
Жарыс мақсаты:Студенттердің бос уақытын тиімді пайдалана отырып, салауатты өмір салтына баулу.
"Ынтымақ" клубының еріктілері 1-топ мүгедегі Ерлік Маратұлының аула қарын тазартып берді

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде "Ынтымақ" еріктілер клубы белсенді жұмыс жасайды.
Бүгін 16-қаңтар "Ынтымақ" клубының еріктілері 1-топ мүгедегі Ерлік Маратұлының аула қарын тазартып берді.
Учаскелік полиция инспекторлары колледж студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді

17 қаңтар күні учаскелік полиция инспекторлары жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, түнгілік уақытта жүрмеу, сабаққа қатысу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, интернет алаяқтықтың, есірткі заттарын таратудың алдын алу мақсатында колледж студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қыс мезгіліндегі өмір қауіпсіздігі туралы тәрбие сағаты

18 қаңтар күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 1сКШО-9 топ жетекшісі Алтынай Жауарбекқызы қыс мезгіліндегі өмір қауіпсіздігі туралы тәрбие сағатын өткізді. Сыныптан тыс шарада студенттер қыс мезгіліндегі қолайсыз ауа райына байланысты ұзақ жолға шықпауды, жылы киінуді ескертті.
 
«Боранды бекет» немесе «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасы бойынша кітап оқу сайысы

Жаһанша Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «Бір колледж-бір кітап» акциясы бойынша оқытушы Б.М.Каримованың ұйымдастыруымен 1аКШК-9, 1аКШИ-9 топтары арасында «Адамзаттың Айтматовы» атанған қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» немесе «Ғасырдан да ұзақ күн» шығармасы бойынша кітап оқу сайысы өтті.
ДІН МАМАНЫМЕН КЕЗДЕСУ

19 қаңтар күні “Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға теріс әсері” тақырыбында Батыс Қазақстан облысы дін істер басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы маманы Сафиуллин Жансұлтан Талғатұлымен кездесу өтті.

«Ұстаздық еткен жалықпас...» атты салтанатты кеш өтті

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғарғы педагогикалық колледжінде Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен өңірімізге, елімізге белгілі ұлағатты ұстаз - Алтынай Жауарбекқызының мерейтойына арналған кездесу кеші өтті. Мақсат - кейінгі жас ұрпаққа өз ұстаздары Алтынай Жауарбекқызының кісілік келбеті мен азаматтық тұлғасы және ұстаздық болмысын насихаттап , студенттерді жан-жақты таныстыру.
«Дене тәрбиесі сабақтарын өткізудің әдіс – тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ

2024 жылдың 15 қаңтар күні «Дене тәрбиесі және спорт» кафедрасының оқытушысы А. А. Муратбекованың «Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі» пәнінен «Дене тәрбиесі сабақтарын өткізудің әдіс – тәсілдері» тақырыбында ашық сабағы өтті. Сабақтың мақсаты: Дене шынықтыру сабақтарында сипаттамалық ерекшеліктерге байланысты сабақты жоғары сапада өткізу үшін әдіс – тәсілдерді меңгеру.
СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 157

Вчера 208

На этой неделе 903

В этом месяце 510

Всего 188083

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска