01 қазан күні колледж студенттері «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресін!» атты акция ұйымдастырды. Сонымен қатар, жақсылыққа – қайырымдылықпен, мейірімділікке – ізгілікпен, достыққа – адалдықпен жауап беру нағыз адамгершілік қасиет. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек – деп, хәкім Абай айтқандай, жүрегі жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің педагогикалық ұжымы және белсенді жастары 1 қазан 1 қараша «Қайырымдылық» айлығы аясында «Нұр Отан» залында Бәйтерек ауданы, Трекино ауылының кішкентай бүлдіршіні Ұлықпанов Дәулетке көмек қолын созу мақсатында «Үміт сыйла» атты қайырымдылық концертін өткізді. Шарада Дәулеттің нағашы атасы Бауыржан Бисенгалиев және туыстары ұйымдастырушы топқа өз алғысын білдірді. Колледж ұжымы «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалына, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әртістеріне, атап айтқанда «Ерен Еңбегі үшін» медалінің иегері Күләш Қуанышқалиеваға. «Мәдениет саласының үздігі» Майра Хайдароваға, филомонияның оркестр мүшелеріне, сонымен қатар колледждің белсенді жастарына алғысын білдіреді.
Бүгінгі бой жарыстырар емес ой жарыстырар заманда дәл осындай қадамға барып, қайырымдылыққа бет бұрып, орталықтың қамқорланушыларының көңілін табуға келген жүрегі кең, мейірімі шексіз жастардың игілікті шаралары әсте бұнымен тоқтамайды.