«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы

2018-2019 оқу жылы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб құрылды, өзінің жұмыс жоспарына сай жұмыстар жүргізілді. Қараша айында 1-2 курс студенттеріне «Құп, сапқа тұруға әзірміз!» әскерилендірілген шара өткізілді. Жыл басында «Патриот» айлығына арнайы жоспары бекітілді. І жарты жылдықта «Жас Сарбаз» клубы жетекші Н.З.Утегалиевпен бірге облыстық жарыстарға қатысып, жүлделі орындармен марапатталды.

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педогогикалық колледжінде АӘД пәні Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 ақпандағы «Әскери міндеттілік және әскери қызметшілірдің мәртебесі туралы» заңына, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министірінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 «Бастапқы әскери даярлықты ұйымдастыру  жүргізу, сондай-ақ қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Облыстық білім беру басқармасы, Орал қаласы қорғаныс басқармасы бастықтарының бұйрықтары негізінде ұйымдастырылуда.

ҚР «Білім туралы» заңының  «Оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру» атты тармағында «Білім беру ұйымындагы тәрбие бағдарламалары оқу процесінің бөлігі болып табылады және білім алушылардың,тәрбиеленушілердің патриоттық, азаматтық, имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ, жан-жактылық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған »деп көрсетілген.

Қазақстанның баянды болашағы өскелең ұрпақтың қолында, демек Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу отбасынан басталып барлық оқу орындарының, барлық пәндердің, соның ішінде айрықша алғашқы әскери дайындық пәнінің алдында тұрған басты міндет болып табылуда.

Алғашқы әскери дайындықтың оқу- материалдық базасы колледжде АӘД оқу бағдарламасы талаптарына сәйкес, жасақталған.

АӘД пәнінің оқу бағдарламасы бойынша саптық, тактикалық ,атыс дайындығы, медициналық дайындық , әскери топогрфия, азаматтық қорғаныс бөлімдері оқушылардың білімдері қарастырылуда және АӘД пәнінің негізгі мақсаты мен міндеті:

  • Салауатты өмір салтын қалыптастыруда жастардың патриоттық сезімін ояту және ҚР Қарулы күштер қатарына дайындау;
  • Бұқаралық дене шынықтыру және спорттық қозғалысты дамыту;
  • Жастарды отан сүйгіштікке,елжандылыққа тәрбиелеу,алған білімдерін практикалық түрде көрсетіп дамытуға ықпал жасау.

2019-2020 оқу жылында  АӘД пәні 13 топта өткізілді, пәнді оқыған студенттердің жалпы саны 301 оның 48   ұлдар, 253 қыз балалар

Салауатты өмір салтын насихаттауды және патроиоттық тәрбиені іске асырып жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында жоспар бойынша көптеген әскери-патриоттық жарыстар мен шаралар өткізілді. Жаңа оқу жылында сабақ беретін топтардың пәндер бойынша күнтізбелік жоспарларын жасақтаумен жұмыстандым. Жаңа оқу жылында АӘД пәні бойынша топтарда әскери киім нысаны туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, взвод және бөлімше командирлерін тағайындап АӘД пәнінің басталуына байланысты қажетті құжаттарды және бұйрықтар нұсқасын даярладым.

16 қыркүйек мылтық атудан колледж біріншілігі оздырылды. Жарыс кезінде жақсы жетістік көрсетіп ұлдар арасында 1 орынды Қазыбай Даурен 2аКШФ, 2 орынды Төлегенов 2асКШФТ, 3 орын Умаров Алмат 4скКШФТ тобының студенттері жеңіп алды.

Қазан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның 5517 әскери бөлімінде ҚРҚК-ің 28-жылдығына және Ұлы Отан Жеңісінің 75-жылдығына арналған Ашық есік күні өткізілді. Аталған шараға колледжден 25 студент қатысты. Іс-шара барысында студенттер, Ұлттық ұлан жауынгерлерінің күнделікті қызметінен (кинологиялық қызмет иттерімен көрініс, қарумен саптық тәсілдер, әскери оркестр дифеле,«Жас бүркіт» патриоттық клубы тәрбиенушілерінің қоян-қолтық күресінен әдістері, техникажәне қару-жарақ үлгілерін көрді.

21 қазан күні Колледжде Жастар жылы аясында«Жас Сарбаз» әскери-патриотттық жарыс өткізілді. Жарыс команда бойынша және жеке біріншілік бойынша спорттың жеті түрінен өткізілді: 1)Мылтық ату. 2) Оқжатарды оқпен жарақтау.3)Автоматты шашып,жинау.4) Шалқадан жатып денені көтеру.  5) Противогаз кію 6) Кермеге тартылу.7)Арқан тарту

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына ҚРҚК құрылғанына 28 жыл толуына  орай  өткізілген  «Жас Сарбаз» әскери- патриоттық жарыстың қорытындысы:

Тобы

Арқан тарту

Авт шашу

Мылтық ату

Кеудені көтеру

 

Оқжатарды жинау

Противогаз

Ұпай

Орын

1аМК

3

6

1

3

1

1

 

15   

1орын

1аКДО

 

2

1

5

1

7

3

19

3орын

1аФК

 

5

4

2

1

3

4

17

2орын

1аКШИ

 

4

5

3

3

5

2

22

4орын

1аСП

5

3

4

2

4

7

 

25

6орын

1сКШИ

 

5

2

6

4

2

5

24

5орын

 

«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубтың жетістіктері.

Командалық:

1.Техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында пневматикалық атудан өткен спорттық жарыста , командалық сайыста-І орын .

  1. «Жас Сарбаз» әскери- патриоттық жиыны аясында өткізілген сайыста командалық есепте- ІІІ орын.

3.Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай Халық қаһарманы Қ.Рысқұлбековты еске алуға арналған облыстық пневматикалық винтовкадан ату турнирінде командалық есепте -ІІ орын.

Жекелей:

1.«Айбын-2019» Республикалық әскери-патриоттық жиында облыс  командасы құрамында Ахметқалиев Бауыржан І-орын.

1.Техникалық және кәсіптік білім беру және кәсіптік білім беру ұйымдарының студент жастары арасында пневматикалық атудан өткен спорттық жарыста  Бақтығалиев Саябек   -І орын.

  1. «Жас Сарбаз» әскери- патриоттық жиыны аясында өткізілген сайыста оқжатарды жинаудан Қайратова А- І- орын.
  2. «Жас Сарбаз әскери- патриоттық жиыны аясында өткізілген сайыста автоматты шашып- жинаудан Бақтығалиев Саябек- ІІ- орын.
  3. «Жас Сарбаз» әскери- патриоттық жиыны аясында өткізілген сайыста шалқадан жатып денені көтеруден Аманкелдиева Нұрсезім- І- орын.
  4. «Жас Сарбаз» әскери- патриоттық жиыны аясында өткізілген сайыста автоматты шашып- жинаудан Қайратова А-ІІ- орын.

6.Қазақстан Респуликасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай Халық қаһарманы Қ.Рысқылбековты еске алуға арналған облыстық пневматикалық винтовкадан атудан әскери жетекшілер арасында Утегалиев Н.З турнирдің жарыс жеңімпазы болды.

 

29 қыркүйек күні «Мәңгілік ел ертеңі – дені сау ұрпақ» атты «Денсаулық фестивалі - 2019» ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлікті анықтау;

21 қыркүйекте 1 курс студенттері арасында «Денсаулық фестивалы» мақсаты студенттердің денсаулық денгейін жақсарту, бұқаралық спортты насихаттау.

Шараны директордың оқу-өндірістік жөніндегі орынбасары Мұқашев М.С мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Галимова.Р.М құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Саз кафедрасы шараның басынан аяғына дейін әндермен, билермен сүйемелдеді. Фестивальда Әскери-сорттық кешені бойынша жарыс оздырылды. Бағдарламада:1 Кермеге тартылу. 2.Қолды бүгіп-жазу. 3.Аяқты бүгіп жазу. 4.Аяқты ауыстырып секіріп жүрелеп отыру. 5. Шалқадан жатып денені көтеру.

Жарыс қорытындысы бойынша. Сайыстың бес түрі бойынша:

І- орын Қазыбай Мырзахмет 2аКШФ тобы 240 ұпай

ІІ-орын Рустам Файзолла 2асКШФТ тобы 216 ұпай

ІІІ-орын Орайбайұлы Айса 2аКШФ тобы 190 ұпай

Қазанның 14-і күні «Әскерге дейінгі шақырылушы жастардың арасында дәстүрлі колледжішілік күзгі спартакиада (мылтық ату, кермеге тартылу, кросс) өткізілді. Оған АӘД пәнін оқитын ер балалар қатынасты. Спартакиада ұйымшылдықпен, қызықты өтіп студенттер белсенділікпен қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша

1.Мылтық ату:

I орын: Ақсеріков Тілекқабыл   37 ұпай

II орын: Шайдуллин Ерасыл     35 үпай  1аФК-9

III орын: Кайргалиев Санжар    30 ұпай  1аКШИ-9

2.Кермеге тартылу: 

I орын:  Қази Бекзат  18 ұпай  1сКШФ-9

II орын: Бақтыгереев Біржан   17 ұпай  1асКШФТ-9

III орын: Оразғали Азат            12 ұпай  1аКШИ-9

3.Кросс:

I орын: Нұрлыбаев Сұлтан 8,12 минут 2асКШФ-9 

ІІ орын: Есенов Нұрсайын 8,19 минут    2асКШФТ-9

III орын:Сәлім Анарбек      8,30 минут   2асКШФТ-9

 

12 ақпан күні Ауған демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылуына 31 жыл толды. Осыған орай 10 ақпан күні «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клуб мүшелері «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған ардагерлерімен кездесу өткізді. Кездесуге 1987-1989 жылдар аралығында Ауғанстан демократиялық республикасының Кабул провинциясында интерноционалдық борышын өтеген, қазіргі уақытта зейнеткер- Баймулдин Қадірбек Ескендірұлы және запастағы капитан «Сервис және жаңа технологиялар» колледжінің әскери жетекшісі- Есенғожин Болат Нуритдинович қатысты. Ауған соғысы туралы студенттерге мағлұмат беріліп, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету, Ауған соғысында опат болған боздақтар рухына тағызым ету, есімдерін мәңгі құрметтеуге тәрбиеледі. Ауған соғысының ардагері Қадірбек Ескендірұлы өзінің интернационалдық борышын өту кезеңінен оқиғаларды айтып, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, батылдық пен ерліктің ерен үлгісі туралы ойларымен бөлісті. «Жас сарбаз» клубының жетекшісі Нұрлыбек Закарянұлы ауған соғысының ардагерлеріне жеке құрамды тәрбиелеу ісіне қосар үлестерінің зор екендігін, ұрпақты тәрбиелеуде жауынгерлік жылдарындағы естеліктер Отанды сүюге, оған адал болуға үйрететінін айтып, ардагерлерге тілектерін білдірді.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 159

Вчера 300

На этой неделе 1022

В этом месяце 4674

Всего 243756

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска