«Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі» МКҚК бос лауазымдық орындарға конкурс жариялайды

1.Арнайы пән оқытушылары

1Технология пәні оқытушысы -1 бірлік

2) Дефектология пәнінің оқытушысы - 1 бірлік

Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі;

педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;

басқарудың инновациялық әдістері;

педагогикалық этиканың негізгі нормалары;

экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

1) "педагог":

білім алушылардың психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін жоспарлай және ұйымдастыра білуі тиіс;

білім алушының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оны әлеуметтендіруге ықпал ету;

білім беру ұйымы деңгейіндегі іс-шараларға қатысу;

білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбиелеу мен оқытуда жеке тәсілді жүзеге асыру;

кәсіби-педагогикалық диалог дағдыларын меңгеру;

цифрлық білім беру ресурстарын қолдану;

2) "педагог-модератор":

"педагог" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

оқытудың инновациялық формаларын, әдістері мен құралдарын қолдану;

білім беру ұйымы деңгейінде тәжірибені жинақтау;

білім беру ұйымы деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

3) "педагог-сарапшы":

"педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

ұйымдастырылған оқу қызметін талдау дағдыларын меңгеру;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және білім беру ұйымы деңгейінде өзінің және әріптестерінің кәсіби даму басымдықтарын айқындау;

аудан/қала деңгейінде тәжірибені жинақтау;

аудан/қала деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы;

4) "педагог-зерттеуші":

"педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

сабақты зерттеу және бағалау құралдарын әзірлеу дағдыларын меңгеру;

білім алушылардың зерттеу дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

аудан, қала деңгейінде педагогикалық қоғамдастықта тәлімгерлікті жүзеге асыру және даму стратегиясын айқындау;

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде тәжірибені жинақтау (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

облыс/республикалық маңызы бар қалалар және астана, республика деңгейінде олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысушылардың болуы (республикалық ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін);

5) "педагог-шебер":

"педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын жалпы талаптарға, сондай-ақ:

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңесте мақұлданған авторлық бағдарламаның болуы, немесе оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар тізбесіне енгізілген шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторы (бірлескен авторы) болып табылады, білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен немесе техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған немесе тест тапсырмаларын, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптау жөніндегі әзірлеушілер мен сарапшылардың құрамына кіретін немесе Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық және халықаралық чемпионаттарының сарапшысы (кәсіби шеберлік конкурсы) немесе педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша жаттықтырушы болып табылады;

ғылыми жобалау дағдыларын дамытуды қамтамасыз ету;

тәлімгерлікті жүзеге асыру және облыс деңгейінде кәсіби қоғамдастық желісін дамытуды жоспарлау;

республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушысы болу немесе республикалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадалардың қатысушыларын дайындау.

 

Конкурсқа  қатысуға қажетті құжаттар:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)Жеке басын куәландыратын құжат (нотариуспен шандырылған);

3)Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; (нотариуспен шандырылған);

5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі  (нотариуспен шандырылған) (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (075 нысан).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) соттаммағаны туралы анықтама;

10) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

11) бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

2.Есеп үстелі бухгалтері

Лауазымдык міндеттері:

Бухгалтерлік және салық  eceбін жүргізу; салықтарды есептеу;  қызметкерлерге берілетін жалакыны, жардемакыларды және баска да төлемдерді есептеу; жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу; Тиісті органдарга жалақы бойынша статистикалык ecептілікті, салықтар бойынша eceптіліктi дайындау және ұсыну;тиісті қорларға сақтандыру жарналарын есептеу жане ұсыну; салық  және алымдар бойынша салық органымен салыстыру.

Білуі тиіс:

Бухгалтерлк eceпті ұйымдастыру және есептілікті  жасау бойынша заңнамалық актілер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, басшылық, әдістемелік және нормативтік материалдар; Кәсіпорындағы шаруашылық қызметті талдау және бухгалтерлік  есеп нысандары мен әдістерi; Құжаттамалық  ревизиялар мен тексерулер жүргізу тәртібі, мүліктің, міндеттемелердің және шаруашылық операциялардың бухгалтерлік eceбін жүргізудің дұрыстығы;

Құжат айналымын ұйымдастыру және негізігі құралдардың, тауарлық- материалдық құндылықтардың және ақша қаражатының қозғалысына байланысты операцияларды бухгалтерлік есепке алу шоттарында құжаттамалық рәсімдеу және көрсету тәртібі;  шоттардың  жоспары мен хат-хабарлары; қаржылык және шаруашылық заңнама; экономика, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру;. шаруашылық жүргізудің  нарықтық әдістері; есептеу техникасын пайдалану ережесі; еңбек туралы заңнама; еңбекті қорғау ережелері  мен нормалары

Біліктілікке қойылатын талаптар:

I санатты бухгалтер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм және II санатты бухгалтер лауазымында кемiнде 2 жыл жұмыс өтілі;

II санатты бухгалтер: кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) бiлiм, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім және бухгалтер лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі;

санатсыз бухгалтер: тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнайы орта, кәсіптік орта) білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық және есеп пен бақылау бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.

Конкурсқа  қатысуға қажетті құжаттар:

  1. Өтініш
  2. Нотариуспен шыңдалған жеке куәлік көшірмесі
  3. Жеке іс парағы
  4. 3*4 фотосурет
  5. Еңбек кітапшасының көшірмесі
  6. Медициналық кітапшаның көшірмесі
  7. Нотариуспен шыңдалған білімі туралы құжат көшірмесі
  8. Бағалар тізімі көшірмесі
  9. Марапаттар көшірмесі
  10. Біліктілік курстар туралы сертификаттар
  11. Сотталмаған туралы анықтама
  12. Наркологиялық диспансерден анықтама
  13. Психологиялық диспансерден анықтама
  14. Өмірбаян
  15. Дело

 

Хабарландыру шыққан соң 7 (жеті) жұмыс күні ішінде құжаттар мына мекен-жайда қабылданады: Орал қ. Н.Назарбаев даңғылы 173 үй  12-бөлме, тел:  87752231252 , 87785516538;  Email:This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: +7 (7112) 24-03-72, 24-02-13, 24-06-56
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 19

Вчера 126

На этой неделе 1180

В этом месяце 3996

Всего 249832

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска