Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Бастауыш білім беру» және «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтарының соңғы курс студенттері өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша «Баланың мектептегі алғашқы күндері» практикасынан өтуде. Практика барысында машықкерлер бастауыш сынып мұғалімдеріне көмектесіп, оқушылардың мектепке дайындық деңгейін зерттеп, олардың мектепке тез бейімделуіне жағдай жасауда.
Қашықтан оқыту жағдайындағы санитарлық талаптарды сақтауға, сонымен қатар оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға көмектесуде. Студенттер колледж қабырғасында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастырып, тәжірибе жинақтауда. Осы аталған практика аяқталған соң өз мамандықтары бойынша байқау және диплом алдындағы практикаларын да осы базаларда жалғастырады деп жоспарлануда.