Кәсіптік бағдар беру жұмыстары
19 қаңтар күні «Кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері» арасында «Кәсіби бағдар беру бағытында» өткізілген «Мамандық – өмір таңдауы» атты №38 Ә.Молдағұлова атындағы мектеп- лицейіне кездесуге бардым. Кездесуге 9 сыныптан барлығы – 54 оқушы, сынып жетекшілерімен қатысты. Біздің колледжімізбен қатар, қаламыздағы 12 колледждің оқытушылары мен өкілдері қатысты. Кездесу басыда мектеп директоры Ш.Окябрьқызы шараның ұйымдастырулудағы мақсаты жөнінде айтып өтіп, келген колледж оқытушылары ризашылығын білдіріп, кезекті келген колледж оқытушылары мен өкілдеріне сөз кезегін берді. Әр колледждің өкілдері өздерінің оқу орны, қалыптасу тарихы, дайындайтын негізгі мамандықтары, т.б жөнінде түсіндіріп, өздерінің видеороликтерін ұсынды.
А.Қ.Тлегенова Орал қаласындағы №38 мектепке кәсіптік бағдар беру үшін барды. Кездесу барысында Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі жөнінде жалпы мәліметтер беріліп, негізгі мамандықтар бойынша күндізгі және сырттай оқу бөлімдері жөнінде, оқу мерзімі, оқу ақысы, колледжіміздегі көрсетілетін түрлі жеңілдіктер, оқуға қабылдау, қабылдау емтихандары, қажетті құжаттар жөнінде толық ақпараттармен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, колледіміздегі студенттердің белсенді түрде қалалық, облыстық іс-шараларға қатысып, жүлделі орындар алып жүргендігі жөнінде, қазіргі таңда колледіміздегі түрлі үйірмелер жұмыс жасап жатқандығы туралы айтылды. Колледж туралы слайд-шоу, видеоролик көрсетіліп, оқушыларға қосымша үлестермелі материалдар таратылып, тағы да қосымша ақпарат алу үшін колледіміздің сайты жөнінде де сөз болды. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алды. Сөз соңында , 20 қаңтар күні колледжімізде «Кәсіби бағдар беру» мақсатында «Ашық есік күндері» ұйымдастырылып жатқандығы жөнінде айтылып, мектептің 9-11 сынып оқушыларын, сынып жетекшілерімен бірге кездесуге шақырып қайтты.
Кездесу барысындағы фотосуреттер:
«Мамандық өмірлік таңдау» ашық есік күні
20 қаңтар күні кафедра меңгерушісі Г.С.Нұрашеваның басшылығымен кафедра оқытушылары Р.М.Ғалымова, А.Қ.Тлегеновалар Орал қаласындағы №1, 40, 36 мектептердің 9-10 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмысының жоспарына сай «Мамандық өмірлік таңдау» тақырыбында шара ұйымдастырды. Жалпы шараға 57 оқушымен бірге сынып жетекшілеріде қатысты. Құзіреттілікке жеткізетін тәрбиелік шараның мақсат-міндеттері:
А)ақпараттық: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Б)коммуникативтік: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру;
В)проблеманы шешу: мамандық таңдау мәселесін шешуге көмектесу, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Шараның ұйымдастыру бөлімінде келген қонақтарды қарсы алып, колледж мұражайымен таныстырды. Педагогика, психология кафедрасының меңгерушісі Г.С.Нұрашеваға сөз кезегі берілді. Келген ұстаздар мен мектеп оқушыларына п.ғ.к, профессор Ш.Х.Құрманалинаның атына ашылған дәрісханамен таныстырды. Оқушылармен танысу мақсатында «танысу» тренингімен 3пКШМ тобының студенті Ысқақ Самат«Мен қазақпын» әнімен салтанатты түрде ашылды. Оқушыларғаколледждегі оқу-тәрбие үрдісінен қысқаша мәліметтер бейнебаян арқылы көрсетілді. Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде қандай мамандық иелерін даярлайтындығы жөнінде ақпарат беріп өтіп, біздің оқу орнында дайындалатын мамандықтар тізімімен таныстырып, жадынама үйлестірілді. Әр мамандықтың мақсатымен, мамандықтың жетісітіктерімен таныстыру үшін алдын ала дайындалған студенттер мамандықтар презентация арқылы баяндамалар оқыды. Сонымен бірге 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту» мамандығын таныстырып қана қоймай 2пКДО топ студенттері «Бауырсақ» ертегісін жаңа желіде қойса, 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығының орыс тіліндегі оқитын 2аРШО тобы «Менің мамандығым» атты көрініс қойды. 2аКДО тобының студенттері «Самрұқ» биін билеп, «Жайық жастары» педагогикалық отряд мүшелері сергіту сәтін жүргізді. 2сКШО топ студенті Өмірзақова Раушан «Мерекем», 2аКШФТ тобының студенті Ерболатұлы Нұрғиса «Көк тудың желбірегені» әндерін 3пКШМ тобының студенттері Қалыбаев Еламан, Ысқақ Самат «Қазақ күйлерінен папури» орындап, оқушыларға мамандық таңдау туралы «Мамандық таңдаудың 7 қадамы» деген атаумен мамандырдың ақыл-кеңестерін ұсынды. Оқушыларға шарадан алған әсерлерімен, біздің колледжде қызықтырған мамандықты анықтау үшін сауалнама жүргізілді. Сауалнаманың қорытындысы бойынша
1. Педагогикалық мамандықты таңдау арқылы өзіңіздің қоғамдағы орныңыз қандай деңгейде болады деп ойлайсыз?
- Беделді тұлға-20-47%
- Үлгілі тұлға-9-20%
- Ұйымдастырушы-8-19%
- Қатардағы педагог-6-14%
2. Біздің колледж туралы ақпараттарды қайдан алдыңыз?
- Мектептегі мұғалімдерден-12-28%
- Ақпарат көздерінен-7-16%
- Колледжден келген оқытушылардан-6-14%
- Ата-анамнан-1-2%
- Колледж студенттерінен-17-40%
3. Колледждегі қандай мамандықты таңдар едіңіз?
- Бастауыш білім беру-5-12%
- Тәрбие жұмысын ұйымдастыру-2-5%
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту-4-9%
- Негізгі орта білім
- Физика мұғалімі
- Математика мұғалімі-2-5%
- Негізгі мектептің шетел тілі мұғалімі-4-9%
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі-5-12%
- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі-2-5%
- Негізгі мектептің информатика мұғалімі-1-2%
- Өзін-өзі тану мұғалімі
- Бейнелеу өнері және сызу-3-7%
- Технология-3-7%
- Дене тәрбиесі және спорт-4-9%
- Музыкалық білім беру-4-9%
- Кәсіптік білім беру
- Туризм-3-7%
- Ақпараттық жүйелер-1-2%
4. Біздің колледжді бітіріп, сіздің мектепте жұмыс жасап жүрген мұғалімдер туралы пікіріңіз қалай?
- Өте жақсы-17-40%
- Жақсы-19-44%
- Көңілім толады-7-16%
- Көңілім толмайды
5. Еліміздегі оқу орындары арасындағы біздің колледждің алар орнын және беделін қалай бағалайсыз?
- Беделді оқу орны-19-44%
- Алдыңғы қатарлы-15-35%
- Орташа деңгейде-9%
- Барлығымен бірдей-5-12%
Шараны қорытындылау бөлімінде оқушыларға тақтада ілініп тұрған алма ағашына өздеріңнің қалаған мамандықтарыңды жазып іліу қажет екені және «Аяқталмаған сөйлемдер» рефлексия жүргізілді. Алма ағашының қорытындысы бойынша Дене тәрбиесі-2 оқушы, саздық білім беру-4, шет тілі-4, бастауыш білім беру-4, қазақ тілі-3, бейнелеу өнері-4, туризм-3, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту-3 оқушы таңдағаны анықталды. «Аяқталмаған сөйлемдер» сауалының қорытындысы төмендегідей:
1. Мен бүгін әр түрлі мамандық бар екенін, өз болшағыма керекті,барлық мамандықты толық, педагогика мамандығының алар орны ерекше екенін білдім.- 27,5%
2. Маған мүгінгі тренинг,колледжің тарихы,әр мамандықты қалай бізге таныстырғаны, «Жайық жастары»өткізген би мен ойыны және барлық айтқан мәліметтер қызықты болды- 17,5%
3. Мені жаңа өмір,жаңа мамандықтар,ағылшын тілі мамандығы ұйымдастырған шаралар, жетістіктері мен білімдері таң қалдырды-25%
4.Бұл шара менің өміріме үлкен өзгеріс, жақсы әсер, жаңаша серпін берді-30%
Кафедра оқытушысы З.А.Кошанова оқушыларға "Самая - самая", "Поступь профессионала", "Цепочка профессий"тренингтерін жүргізді. Оқушылар тренингке қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты.
Оқушылар үшін ұйымдастырылған шара қызықты болды. Ұйымдастырылған ойын, тренинг, сергіту сәттеріне қатысып, мамндықтардың ерекшеліктерін түсінді, алдағы уақытта мамандық таңдауда көмегі тиетініне сенімді болды.