«Бастауыш білім беру» мамандығының Жаратылыстану STEAM кабинетінде студенттердің оқу құралдарын сабақта қолдану әдістерін оқытушы Сүйінғалиева Г.Қ назарға ұсынды

31 қазан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары колледжінің практика бөлімінің ұйымдастыруымен  оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында,  Байтерек ауданы Новенький ЖОББ мектебінің кәсіби бағдар беру педагогы Есетова Мөлдір Күншуаққызының басшылығымен келген 22 оқушыға экскурссия жүргізіліп, колледждің рухани мұра, өнер шығармашылық көрмесі, гимнастика залы таныстырылып, «Бастауыш білім беру» мамандығының Жаратылыстану STEAM кабинетінде студенттердің оқу құралдарын сабақта қолдану әдістерін оқытушы Сүйінғалиева Г.Қ назарға ұсынды.

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының LEGOSTEM кабинетінде кафедра меңгерушісі А.Б.Сарсенгалиева мамандықтың қызықты қырларын баяндап, робот техниканы тәрбишілердің оқу іс-әрекетінде пайдалану әдістерінен үзінділер көрсетті.

Колледждің Акт залында практика бөлімі мен оқытушы А.К.Джумагазиева колледж тарихы, сапалы құрамы, студенттер жетістігі, дайындалатын мамандықтар, студенттер үйі, оқуға қабылдау ережелері,  құжаттар тізімі туралы сөз сөйлеп,   бейнебаян көрсетіліп, 2023-2024 оқу жылының мамандықтары таныстырылған парақтар таратылды.

«Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Кунашева Карина колледжде өтетін дебаттар, байқаулар, түрлі іс- шараларға студенттердің белсенді қатынасатындарын айтып, клубтар, үйірмелер жұмыстарына тоқталды. Шара соңында келген оқушыларға рефлексия өткізіліп, нәтижесінде колледждің оқу кабинеттері, «Студенттер үйінің» кино залы, интернет клубы, берілген кәсіби бағдардың  ұнағаны байқалды.

СВЯЗЬ С КОЛЛЕДЖЕМ
Адрес: Казахстан 090000, г. Уральск, проспект Нурсултана Назарбаева 173
Телефон: (7112) 24-03-72, 24-01-73, 24-03-45, 31-40-46
E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


ОПЛАТА ОБУЧЕНИЯ

Государственное коммунальное казенное предприятие "Высший педагогический колледж им.Ж.Досмухамедова" управления образования акимата Западно-Казахстанской области
Западно-Казахстанская область, г.Уральск, Нурсултана-Назарбаева, 173

БИН 990940002548
БИК IRTYKZKA
ИИК KZ6096512F0007757685
Филиал AO «ForteBank» в г.Уральск. кбе 16
Уникод для клиента: СEA2272374

Сегодня 75

Вчера 169

На этой неделе 1217

В этом месяце 824

Всего 188397

Kubik-Rubik Joomla! Extensions

Посмотреть на карте Уральска