Технология кафедрасының 2024-2025 оқу жылында алдына қойған мақсат және міндеттері:
Мақсаты:
Мектептегі көркем еңбек пәні бойынша болашақ мамандарды дайындау барысында оқушының өнер жолындағы талпыныс, ізденісіне жол көрсететін, өмірден әсемдікті таба білуге, көргенді есте сақтауға және қиялдау қабілетінің дамуына үлес қосатын құзыреттіліктерді студенттердің бойына сіңіру. Жаңа заман талаптарына жауап бере алатын жан – жақты мамандарды дайындау.
Міндеттері:
1. Мамандық бойынша болашақ мамандардың бәсекеге қабілетін арттыру.
2. Болашақ маманның рухани-адамгершілік құндылықтарын, интеллектуалдық және дене мүмкіндіктерін ашуға, денсаулық сақтау, ақпараттық-оқыту ортасын жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау.
3. Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, өз бетімен жұмыстануға, ақпарат жинауға дағдыландыру.
4. Педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру және іс- әрекетін жандандыру, өзін-өзі бағалау жұмысын жүйелеу.
5. Теориялық аспекті зерттеуде оқушының дамуын қалыптастыру жұмысын жалғастыру, зерттеу және эксперименттік қызмет қажеттілігін жоспарлау және алдын алу.