Колледжде қоғамда діни радикализм мен экстремизм идеологиясының таралуына жол бермеу мақсатында ДӘІЖ орынбасары Қ.Х.Мажитов және әлеуметтік педагог А.К.Мухсинованың ұйымдастырумен БҚО Дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының дінтанушы мамандары Дүйсенбі Бейімбет Жамбылұлымен, Әйгерім Халиоллақызы Ермекбаевамен 1аКШИ-9, 1сКШИ-9,1пКШТ-11, 1сКШФ-9, 1пКШФ-11, 1пКДО-11, 2аКДО-9 топ студенттері арасында «Дін және қоғам!» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылып өтті. Шара барысында теолог маман Бейімбет Жамбылұлы студенттерге діни радикализм мен экстремизм идеологиясы қоғам санасына, интернет кеңістікті, қазіргі заманғы электрондық бағдарламалық қосымшаларды қоса алғанда, жаһандық ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жаппай ақпараттық-психологиялық әсер ету жолымен енетінін, жалған уағызшылардың әлеуметтік желілерде онлайн–уағыз айтуының кең ауқымды таралуынан қатер артып отырғанын, аталған жайтқа қатысты сұрақтары болған жағдайда білікті дін қызметкерлеріне жүгіну керектігін жеткізді. Өз кезегінде колледж студенттері аталған тақырыпқа байланысты дін өкілдері мамандарына сұрақтарын қойып, өз ойларын ортаға салды.