«Ұлы Дала» жобасының аясында «Жаһанша жолымен» ғылыми-экспедициялық жұмыстары жалғасын тапты. Ресей Федерациясының Орынбор қаласына «Жаһанша жолымен» тарихи-танымдық экспедициясына колледждің белсенді, алғыр студенттері тартылып, барып қайтты. БҚО тарихи-өлкетану музейінде экспедициядан алған әсерлері мен тарихи жаңалықтармен бөлісті, сонымен қатар, халықаралық деңгейде өткен «Жаһанша оқуларында» экспедиция жұмыстары көрмеге қойылып, таныстырылды. Тағы бір айта кететін нәрсе, студенттердің оқудағы жетістіктері мен қоғамдық жұмыстардағы белсенділіктерін ескеріп, «Жаһанша шәкіртақысы» тағайындалды.