Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2022-2023 оқу жылының 27.10.2022 күні 4аФК-9 тобының №50 ЖОББ мектебінде кіші кеңес өткізілді. Кеңеске практика барысында жетекшілік атқарған физика және информатика мұғалімдері Ермекова А.М., Шайхиева А.С., Мыржикова Т.Д., Қасым А.А. қатысып, әр студентке сипаттама беріп, пікірлерімен бөлісіп, практика барысын ашып айтты.
Пəнді үйретумен ғана шектелмей, шəкірттеріне өмірлік дұрыс ақыл-кеңес беріп, адамгершілікке қатар баулыған, жүріс-тұрыс, мінезімен жақсы үлгі-өнеге көрсету керектігін, яғни білім мен тәрбие қатар жүру керек екені жөнінде сөз қозғалды. Сонымен қатар, жетекші мұғалімдер өздерінің ұстаздық жолдарында өткен қиындықтарымен бөлісіп, студенттерге мотивация ретінде жігерлендірді. Сонымен қоса, кеңес барысында Мыржикова Т.Д. Алтын мен Аружанның сабақ беруін мақтап сөз етті. Қасым А.А. Мерхат пен Мадинаның сабақ беруі мен оның қолданған әдістерінің үздік деп атап өтті. Ал, Шайхиева А.С. барлық студенттерін бірінші ескертуден кейін, сол қателіктерін келесі сабақта қайталамағанын айтып, Аңсағанымның өзінің сабақтары ғана емес,басқа да машықкерлердің сабақтарын өткізгеніне риза болды.Ермекова А.М. Дильназ,Мирамбек,Ардақтым мен Гүлжанаттың сабақтарына көңілі толмағанын сөз етсе,Айгерім,Аружан,Мадина мен Мерхатты мақтап,болашақ мұғалім деген атқа лайық деп ұсына алатынын айтты.