Қазан айының 6-ы күні ұстаздар күніне орай студенттер үйінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Ұстаз-ұлы тұлға» атты ардагер ұстаздармен кездесу кеші өтті.
Мақсаты: Колледж тарихымен,зейнеткер ұстаздардың еңбектерімен таныстыра отырып, олар туралы мол мағлұмат беру.Студенттерді ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету.Ұстаз мамандығының қырымен сырларын түсіндіру, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Кездесуге үлгілі отбасы- тәжірибелі ұстаздар әулеті Серік Атокұлы Өтешқалиев пен Қазима Бақтығалиқызы Ишанбергенова келді.Кешімізді студенттер үйінің тұрғыны, 2аКШМ-9 тобының студенті Хамза Тұрсынай «Мың алғыс саған ұстазым» атты әсем әнімен ашып,биші қызымыз 2аКШИ-9 тобының студенті Амантаева Аяулым «Қазақ» биін биледі, жас ақынымыз 2пКШК-11 тобының студенті Маратов Ернар өз арнауын оқыды. Кездесу барысында ардагер ұстаздарымызбен сұхбат ала отырып, студенттер өз сұрақтарын қойды.Қонақтарымыз еңбек жолында кездескен қиындықтары мен ең қызықты сәттерімен бөлісті.Сонымен қатар кешімізге директордың ТІЖ орынбасары Алтынгүл Жақсығұлқызы қатысып құттықтау сөз сөйледі.Кеш соңында ардагер ұстаздарымыз құрметтеп шақырып, жақсы көңіл-күй сыйлағаны үшін студенттер үйінің әкімшілігі мен студенттерге өз ризашылықтарын білдірді.