22 қыркүйек күні студенттер үйінде «Қызықты көңіл, студенттік өмір» тақырыбында 1 курс студенттеріне арналған танысу кеші өтті. Шарада 1курс студенттері өз өнерлерін көрсетіп, ән айтып, би биледі. Сонымен қатар студенттердің өзара қарым-қатынастарын нығайту мақсатында 2пКШО-11 тобының студенті Малаева Айнагүл ойын ұйымдастырып өткізді. 2пКШК-11 тобының студенті, ақынымыз Маратов Ернар 1 курс студенттеріне өз арнауын оқыды. 2-3 курс студенттері де ән шырқап өнерлерін көрсетті. Танысу кеші көңілді өтті.