Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық коледжінде 16 қыркүйек күні 1пКшк 11 тобында "Отбасы-ұлт құндылығы" тақырыбында ата-аналарға арналған шара өткізілді.
Шараның мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдылық, қайырымдылық қарым-қатынастарын нығайту, ата-анасын сыйлай білетің азаматтар тəрбиелеу, отбасы ұлт құндылықтарын арттыру.
Ата-аналар шараға Zoom платформасы арқылы онлайн қатысты. Тəрбие сағатын Бағдатұлы Ерқанат өзінің "Ата-анаға алғыс" арнау өлеңімен бастады.
Ата-аналарға арналған танысу тренинг өткізіліп, сұрақтарға жауап алынды. Утесин Назерке Н.Надировтың "Менің əкем дара туған" өлеңін мəнерлеп оқыды. Презентация арқылы ұлттық құндылықтарымыздың мəні түсіндірілді. Серікұлы Саламат қамшының қасиетті туралы жан-жақты əңгімеледі.Қыз балалар ұлттық тағамдар дайындау əдістерін баяндап, келген қонақтарға дəм татырды. Сиражиева Иралия шаңырақтын төріңде тұратын тұмардың қорғаныш қызметін атқаратыны туралы қызықты мəліметтермен таныстырды. Студенттермен диалог арқылы кері байланыс орнаттылды.Шара соңында топ жетекшісі Алтынай Жауарбекқызы отбасындағы ұлттық құндылықтардын маңызы жөніңде əнгімеледі. Жастар комитеті жетекшісі Жандос Хамзаұлы студенттерді саналы білім мен тəртіпті болуға шақырса, қазақ тілі мен əдебиеті кафедарасы оқытушысы Алтынгүл Тұрсынғалиқызы қыз бала мен ананың арасындағы сыпайы қарым-қатынастарды нығайту жөнінде өз тəжірибесімен бөлісті. Оқытушылар Айнагүл Төлегенқызы жəне Арайлым Тайбасарқызы тағылымды шара ұйымдастырған топ жетекшісіне жəне белсене қатысқан студентерге алғыс білдірді.