14 мамыр күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі 4аКШК-9 тобы студенттері топ жетекшісі Алтынай Жауарбекқызының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай «Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында ата-аналар мен студенттерге арналған тренинг өткізді.
Мақсаты: қазіргі кездегі студенттің дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып,тиімді қарым-қатынас орнату.
Міндеттері: ата-аналардың колледжбен, оқытушылармен тығыз байланысын арттыру, студенттерді білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
Тренингке «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығының 1-курс студенттері қатысты. «Танысу» жаттығуы арқылы ата-аналар мен студенттер шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне бір сын есім қосып және өз бойындағы бір қасиетін кезек-кезек айтып шықты.
«Ата-ана махаббаты» тақырыбындағы баяндама тыңдалып талқылынды.
Ой жинақтау бөлімінде тренингке қатысушылыар «Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар», « Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері», «Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болуы керек?» тақырыбында өз ойларымен бөлісті. Ата-ананың балаға көңіл бөлуін байқау мақсатында ситуациялық сұрақтар мен «Мадақтау мен жазалау» әдісі бойынша сұрақтарға жауаптар алынды. Шара соңында «Тілек шамы» жаттығуы арқылы қатысушылыр бір-біріне жылы тілектерін білдірді.
Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Жел бесіктен, жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің ұйытқысы ата - ана мен мұғалім. Бала тәрбиесі – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның мемлекеттік абыройлы міндеті. Кезінде Әл Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» - демеп пе еді. Осыған орай ата – ана, мұғалімдер және бүкіл қоғам мүшелері тәрбиеге бет бұрып, ұрпақ тәрбиесіне мүдделі екендігін іс - жүзінде дәлелдеп отырса , ынтымақ –бірлік қана ойдағыдай нәтиже берері ақиқат екендігіне тренинг арқылы қатысушылар ой түйді.