13.03.2019 күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде әлеуметтік педагог А.Мухсинова 1сКШИ тобына өздерін сергек сезінуіне, медиатативтік техника арқылы денедегі қысымды түсіруге бағытталған «Өз әлеміңе саяхат» атты релаксациялық жаттығу тренингін өткізді.
Тренинг барысында студенттер релаксациялық жаттығулар жасаумен қатар, муз терапия, арт-терапия, тыныштық сәтін, сонымен қатар шаттық шеңберінде бір-бірінің жақсы қасиеттерін айтып, ренжіткен сәттері болса кешірім сұрап, ақ тілектері мен жылы лебіздерін білдірді.
Әлеуметтік педагог А.Мухсинова