Алғыс айту күні-бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық Қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған тұңғыш Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Осыған орай студенттер үйінде студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Бізге алғыс айтуға себеп бар» атты мерекелік концерт өтті.
Студенттер жатақхана ұжымын арнайы шақырып, арнау айтып, би билеп, ән шырқап, пародия салды. Сонымен қатар әр жұмысшыға жеке тілек айтып алғыстарын білдірді. Шараға барлық қызметкерлер қатысып, ризашылықтарын білдірді.