10.12.2021 жылы Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, «Білім» бейіні ОӘБ және ағылшын тілі кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Шетел тілін оқыту әдістемесін дамытудағы заманауи тенденциялар: тәжірибе, мәселелер, перспиктивалар» атты ағылшын тілі мұғалемдеріне арналған республикалық ғылыми-әдістемелік онлайн конференция өтті.
Конференцияның мақсаты – шетел тілін оқыту әдістемесіндегі қазіргі тенденцияларды анықтай отырып, мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасу. Республикалық конференцияға Б.Ахметов атындағы жоғары педагогикалық колледжі, Қостанай педагогикалық колледжі, Астана Халықаралық Университетінің педагогикалық колледжі, Орал гуманитарлық-техникалық колледжі, Маңғыстау Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы гуманитарлық колледжі, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, Шетел тілдері колледжі, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті жанындағы көпсалалы колледжі, Ақтөбе гуманитарлық коледжі,М.Маметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары коледжі, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжі, №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық педагогикалық колледжі, «Сервис» Орал технологиялық колледжінің шетел тілі оқытушылары мен Орал қаласы НЗМ және №1, 44 ЖОББМ мектеп мұғалімдері қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар берілді.