26 ақпан күні студенттер үйі тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай «Алғыс күні- ризашылық!» атты мерекелік шара өткізілді. Мақсаты: Студенттердің жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым —қатынастарын дамыту.
Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету. Елімізде тұрып жатқан әр түрлі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достық пен ынтымақтастықты дәріптеу, салт — дәстүрін, мәдениетін өзіндік үлгі өнегесін студенттердің бойына сіңіру. Бейбітшілікте татулықта өмір сүруге тәрбиелеу.Мерекелік шарада студенттер өз өнерлерін ортаға салып, қазақ биімен басталып,ән айтылып,күй тартылды.