Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің 2020-2021 оқу жылындағы кәсіби бағдар беру жұмысының жоспарына сәйкес 18 ақпан күні Орал қаласының № 9, 20, 21 ЖОББ мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына ZOOM платформасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Жастарды еңбекке баулу және мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды істердің бірі.
Сол себепті қазіргі таңда түлектерге кәсіби бағдар ұсынып, кеңес айту үлкен маңызға ие. Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселе. Қазіргі заман талабына сай мамандықтарды игерген жастарға сұраныс өте жоғары. Бүгінгі заман талабы кәсіптік-педагогикалық білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес мыңдаған мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талаптардың бірі.
Бұл шара жоспарында «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының оқытушысы Н.Н. Заруцкая педагог мамандығының мәртебесі жөнінде алғы сөз сөйлеп, колледж базасына бейне экскурсия жүргізді. Мектеп оқушыларына колледждің материалды – техникалық базасы мен тарихы, мамандықтардың таныстырылымы ұсынылды. Одан әрі оқытушы А.А. Батырханова талапкерлерге арналған «Zhahansha book» ақпараттық нұсқаулығымен таныстырса, А.Е.Кунуспаева колледжде дайындалатын мамандықтармен, оған түсу үшін тапсыратын емтихан түрлерімен, талапкер тапсыратын құжаттар туралы ақпарат берді. Мектеп оқушылары өз ойларын, сұрақтарын чатқа жазып, оған жауап алды. Оқытушы А.Б.Сарсенгалиева оқушылармен тренинг өткізіп, әр мамандықтың қоғамдағы орны туралы айтып өтті.