Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі «Алаш идеясы және ХХІ ғасыр жастары» тақырыбында республикалық ІІІ «Жаһанша оқулары» ғылыми-практикалық онлайн конференциясы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰМАРЫМ» тақырыбында студенттер арасында қашықтан шығармашылық байқау өткізді.Мақсаты: «ТӘУЕЛСІЗДІК - ТҰМАРЫМ» тақырыбында колледж білім алушыларының өз халқының тарихын, әдебиетін, тілін қадір- қасиетін Алаш арыстарының ұстанымдары негізінде түсініп, Тәуелсіздіктің мәнін жас ұрпақтың қаншалықты саралайтындығын студенттердің шығармашылық жұмыстары арқылы байқау.
Онлайн форматта өткен байқау екі бағытта өтті. «Ақындық өнер» бағыты бойынша 27 студент бақтарын сынады. Нәтижесінде Бас жүлдені М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенті Дүйсенбеков Бекжан , жүлделі І орын да осы колледждің студенті Тоқтарбеков Бекзатиеленіп, Абай елінің ақындар мекені екендігін тағы да дәлелдесе, ІІ орынды Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі студенті Орынбасар Береке, ІІІ орынға №1 Алматы Қазақ мемелекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі студенттері Кечинбай Анель мен Нұрғожа Ақмарал лайық деп танылды. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі студенті Гумаров Нұрым және Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі студенті Қадыров Ануарбек Алғыс хатпен марапатталды.
«Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша Бас жүлдемен М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенті Қайранбаева Арайлым, І орын Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжі студенті Қалиақбар Нұрзада, ІІ орынды М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенті Есіркеп Дәурен, Чамунова Ақорын бөліссе, ІІІ орынды №1 Алматы Қазақ мемелекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің студенттері Алпысбай Анель мен Ерман Шұғыла, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі студенті Занова Нұрай ға берілді. Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі студенттері Нұрқанова Алтын мен Болатжанқызы Наргиза және №1 Алматы Қазақ мемелекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі студенті Серікқызы Шынар Алғыс хат иегерлері атанды.
Байқауға білікті ғалымдар мен колледждің тәжірибелі оқытушылары қазылық етіп, еліміздің түкпір-түпкірінен қатысқан талапты жастардың өлең өлкесіне басқан қадамдарына сәттілік тілеп, шынайы өнер тудыру үшін тиянақты білім, өрелі ой керек екендігін баса айтты.