23 ақпан күні Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжде Жастар жылына арналған «Қазіргі мектеп-жүрегі, Сенсің - колледж түлегі!» тақырыбында түлектермен кездесу өтті. Кездесуімізге облыстық, қалалық, аудандық мекемелерде қызмет жасап жүрген түлектеріміз қатысты. Кездесу бағдарламасы бойынша түрлі деңгейдегі білім бәсекесіне қатысып, жақсы жетістіктерге жеттіп, білім саласының беделінің артуына өзіндік үлестерін қосып жүрген түлектеріміз Л.Дюсенбаева, Э.Айдыналиева, Ж.Хамза, Б.Елекешов, Г.Дюсенгалиева, Ү.Орынғалиев, А.Қайырғалиевтар жетістіктерімен бөлісіп, сөз сөйледі.
Сонымен қатар, түлектерді бір қоғамдастыққа шоғырландыруға бағытталған арнайы «Түлектер Ассоциациясы» құрылып, барлығы да алдағы уақытта бірлесе жұмыс жасауға дайын екенін айтып, ризашылықтарын білдірді. Кездесудің екінші бөлімі ол өз мамандықтарының студенттерімен дөңгелек үстелде кездесу болатын, түлектеріміз колледж қабырғасындағы өмірлерінен, қызықты сәттерімен, қызмет жолындағы жетістіктер мен қиындықтарды бөлісті. Колледж студенттері үшін кездесу әсер қалдырды.
Колледжіміздің атын паш етіп, биіктен көрініп жүріңіздер. Біз сіздердің әр уақытта да жауапкершілікті терең сезініп, сенім биігінен шыға білетіндеріңізге сенімдіміз!