Жастар жылына байланысты студенттер үйінде 5 «а» қабатта «Табысты адамдар, табысты ел» тақырыбында жетістіктерге жеткен адамдармен мотивациялық кездесу ұйымдастырылды. Кездесу спикерлері:
1. Кенжин Мерлан Аютұлы- ЖК «Нұр» кеңсе дүкенінің жетекшісі.
2. Шамғалиев Ерлік Мерекеұлы- «Жас Отан» жастар қанаты БҚО филиалы төрағасының орынбасары.
Көздерінде ұшқын, өн бойында ұмтылыс бар жалынды жастарға өмір сабақтарынан ой бөлісіп, болам деген баланың бетін қақпай, белін буып, бағыт берсе деген мақсатта өткізілген кездесуде студенттер үйінің студенттері үлкен қызығушылықпен қатысты. Ерік-жігер, қайсарлық, тіл меңгеру, дұрыс мақсат қоя білу тақырыбында әңгіме өрбіткен спикерлерге көрермендер көкейде жүрген сауалдарын қойып, алғыстарын бiлдiрдi.